үй Әлем жаңалықтары Аустрия астанасындағы Наурыз мейрамы салтанатты концертпен аяқталды

Аустрия астанасындағы Наурыз мейрамы салтанатты концертпен аяқталды

0

457 rob

Аустрия астанасында Наурыз көктем мерекесіне орай Қазақстанның Венадағы Елшілігі «Дүйсен Қасейінов» қоры және Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, «Арнау» фольклорлық ансамблінің концертін ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның Елшісі Әлібек Бақаев қонақтарға достық пен өзара сыйластықты нығайтуға ықпал ететін терең философиялық мәні мен жаһандық мәдени маңызы бар бейбітшілік пен мейірімділікті бейнелейтін көктем мерекесі туралы айтып берді.

Философия ғылымдарының докторы, Веналық музыка және орындаушылық өнер университетінің Халық музыкасы ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі Марко Кельбль де құттықтау сөз сөйлеп, халықтарымыз арасында тығыз достық қатынас орнатуда халықаралық Наурыз мерекесінің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.

Домбыра, қобыз, сазсырнай, жетіген және т.б ұлттық аспаптарда шебер орындалған қазақстандық композиторларының туындылары мен өнер майталмандарының концертін талғампаз көрермендер ыстық ықыласпен қарсы алды.

Табиғаттың жаңаруын бейнелейтін қазақ халқының фольклоры, музыкалық өнері, жарқын киімдері мен ұлттық тағамдары ұмытылмас түрлі-түсті көріністің бейнесін қалыптастырды.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version