үй Әлем жаңалықтары ҚазҰУ-да АҚШ студенттері көбейеді

ҚазҰУ-да АҚШ студенттері көбейеді

11
0

494 Арман

ҚазҰУ-да АҚШ студенттері көбейеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Халықаралық білім беру жөніндегі америкалық кеңестерінің (ACCELS) делегациясы жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Делегация құрамында Халықаралық білім беру жөніндегі америкалық кеңестердің президенті Дэвид Паттон, ұйымның негізін салушылардың бірі, доктор Дэн Дэвидсон, стратегиялық тілдер, мәдениет және аймақтар жөніндегі бағдарламаларының директоры Сэм Эйзен және т.б. бар.

ҚазҰУ-да АҚШ студенттері көбейеді

Құрметті қонақтар алдымен ҚазҰУ музейін, Жағдаяттық басқару орталығын және оқу корпустарын аралап, университет басшылығымен кездесті. Кездесу барысында тараптар серіктесті дамыту бағытында әңгімелесіп, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

ҚазҰУ-да АҚШ студенттері көбейеді

ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі – операциялық қызмет жөніндегі проректор Әсел Уәлиеваның айтуынша, ҚазҰУ АҚШ-тың 13 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған. Екі ел ЖОО-лары арасындағы серіктестік күн санап артып келеді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

ҚазҰУ-да АҚШ студенттері көбейеді

Айта кетейік, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша соңғы бес жылда 44 докторант пен бір бакалавриат студенті америкалық жоғары оқу орындарында ғылыми және тілдік тағылымдамадан өтті. Сонымен қатар ҚазҰУ-дың 33 оқытушысы ғылыми жобаларды жүзеге асыру және халықаралық симпозиумдарға қатысу мақсатында АҚШ-қа барған болатын. Қазіргі таңда университетте АҚШ-тан келген 51 студент білім алуда.

Кездесу барысында Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ләззат Еркінбаева ҚазҰУ базасында АҚШ университетінің филиалын ашуды және Америкада қазақ пен орыс тілдерін үйрететін арнайы орталық ашуды ұсынды.

ҚазҰУ-да АҚШ студенттері көбейеді

Өз кезегінде Халықаралық білім беру жөніндегі америкалық кеңесінің президенті Дэвид Паттон университет басшылығына ризашылығын білдіріп, жоғары білім мен ғылымның дамуына септігін тигізетін әріптестікті одан әрі ілгерілетуге дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар аталған ұсыныстарды қолдайтынын атап өтті.

ҚазҰУ-да АҚШ студенттері көбейеді

ҚазҰУ-да АҚШ студенттері көбейеді

Сондай-ақ жүздесуде Дэн Дэвидсон мен Сэм Эйзен сөз сөйлеп, ҚазҰУ-да «Флагман» бағдарламасы бойынша оқитын америкалық студенттер контингентін ұлғайту жөнінде өз ойларын ортаға салды.

Источник: dknews.kz