үй Әлем жаңалықтары ҚазҰУ-да Ми институты құрылады

ҚазҰУ-да Ми институты құрылады

8
0

344 Арман

ҚазҰУ-да Ми институты құрылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі, Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының меңгерушісі Әлмира Құстыбаевамен Қазақстанда нейроғылымды дамыту мәселесін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚазҰУ жанынан Когнитивтік нейроғылым орталығын құрған профессор бүгінде ми мен адам санасының мүмкіндіктерін тану көкжиегін кеңейте отырып, еліміз үшін жаңа сала – нейроғылымды дамытуда.

Кездесу барысында Әлмира Құстыбаева университет ректорына жүргізіп жатқан ғылыми зерттеулері туралы ақпарат беріп, Ми институтын құру туралы ұсынысын жеткізді. Қазақстанда алғаш рет аталған орталықта миға іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілетін болады.

Ми институты жаратылыстану, гуманитарлық және өзге де ғылыми бағытты қамтитын конгломератқа айналуы мүмкін. Эмоционалды-когнитивті функциялар мен сананың нейромеханизмдерін зерттеу секілді мидың іргелі зерттеулері ғылыми жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық ғылыми қорларды тартуға мүмкіндік береді.

Университет басшысы Әлмира Құстыбаеваның аталған ұсынысын қолдайтынын және осы бағытта қызмет жасайтын ғалымдар тобына көмек көрсететінін жеткізді.

Ми институты айналысатын ғылыми зерттеулер ойлаудағы ұтымдылық пен тиімділікті оңтайландыруға, ми-компьютер интерфейстерінің дамуын ілгерілетуге әсер етеді.

Сонымен қатар бұл бағыттағы зерттеулер когнитивті даму мен эмоционалдық күй процестерін жеңілдетуге, девиантты дамуды түзетуге, қартаю кезінде когнитивті функциялардың нашарлау процестерінің алдын алуға көмектеседі.

Источник: dknews.kz