үй Әлем жаңалықтары ҚазҰУ және АҚШ университеттері: ғылым және білім саласындағы табысты ынтымақтастық

ҚазҰУ және АҚШ университеттері: ғылым және білім саласындағы табысты ынтымақтастық

0

1000 Арман

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Пенсильвания университеті заң факультетінің деканы Стивен Барнс пен бұрынғы АҚШ елшісі, профессор Денис Джетт Ғылым апталығы аясында арнайы сапармен келді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оқу орнының Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ-дың халықаралық қызметі, жетістіктері және АҚШ-тың серіктес жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығы туралы айтып берді.

ҚазҰУ мен АҚШ-тың Мичиган технологиялық университеті, Солтүстік-батыс политехникалық университеті, Айова мемлекеттік университеті, Вайоминг, Скрантон, Техас университеттері сынды ғылым және жоғары білім саласындағы ЖОО-лары мен ұйымдары арасында ынтымақтастық туралы 13 келісімге қол қойылды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша соңғы бес жылда 44 докторант пен бір бакалавриат студенті америкалық жоғары оқу орындарында ғылыми және тілдік тағылымдамадан өтті. ҚазҰУ-дың 33 оқытушысы ғылыми жобаларды жүзеге асыру және халықаралық симпозиумдарға қатысу мақсатында АҚШ-қа барды. Алдымен 2022/23 оқу жылында 11 докторант АҚШ жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтті. 2023 жылдың басында шығыстану факультетінің докторанты ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткер ғалым ретінде Гарвард университетіне шақырылды, ал химия және химиялық технология факультетінің студенті Вашингтон Орталық университетінде Global UGRAD шеңберінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқудан сәтті өтті.

Жыл сайын ҚазҰУ-да АҚШ-тың әртүрлі университетінің студенттері (2014 жылдан бері) халықаралық білім беру жөніндегі Америкалық кеңес келісімі аясында білім алады. Биыл ҚазҰУ-да 51 студент білім алуда. Олардың ішінде Карлтон колледжі университетімен ынтымақтастық туралы меморандум аясында 14 студент бар.

Өз кезегінде АҚШ делегациясы ҚазҰУ басшылығының ерекше қонақжайлығына алғыс білдірді.

Тараптар ғылыми-білім беру жүйесіне қатысты мәселелерді талқылап, ынтымақтастық туралы уағдаласты. Жүздесуде өзара түсіністік және әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Оның мақсаты – білім беру және ғылыми зерттеулер саласында ынтымақтастық орнату, студенттер мен оқытушылар арасында академиялық ұтқырлықты дамыту және қосдипломдық білім беру бағдарламаларын іске асыру.

Сондай-ақ оқу орнының басшысы Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ-да Пенсильвания университетінің филиалын ашуды ұсынды.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version