үй Әлем жаңалықтары ҚазҰУ және СПбПУ: ғылым мен білім берудегі ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

ҚазҰУ және СПбПУ: ғылым мен білім берудегі ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

0

1130 Арман

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ресей Федерациясына жұмыс сапары барысында Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университетінің (СПбПУ) ректоры Андрей Рудскиймен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесуде Санкт-Петербург политехникалық университетінің ректоры оқу орнының инфрақұрылымын көрсетіп, жаңа ғылыми жобалармен таныстырды.

Өз кезегінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев Әл-Фараби атындағы университеттің терең тарихы мен ғылыми-білім беру бағытында атқарып отырған жұмыстарына тоқталды.

ҚазҰУ мен Санкт-Петербург арасында 2015 жылы ғылым мен білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Серіктестік шеңберінде 2021 жылдың 2 қаңтарында Coursera (Корсера) халықаралық білім беру платформасында жарияланған «Молекулярлық биология әдістері» (Methods of molecular biology) атты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алғашқы жаппай ашық онлайн-курсы бірлескен жоба жүзеге асырылды. Курстың негізгі авторлары мен әзірлеушілері – ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультетінің Молекулалық биология және генетика кафедрасының қызметкерлері. Онлайн курсты Жаңа білім беру технологиялары институты (ЖББТИ), биология және биотехнология факультеті мен СПбПУ бірлесіп әзірледі.

Бүгінгі таңда ҚазҰУ ресейлік ЖОО-лармен бірлесіп қосдипломдық 31 білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда. ҚазҰУ-дың 14 факультеті Ресей Федерациясының жеті серіктес жоғары оқу орнымен ынтымақтасады. Академиялық ұтқырлық аясында қазіргі уақытта университетте Ресей Федерациясының 53 студенті білім алады және соңғы үш жылда университетке Ресейдің 40-қа жуық ғалымы келіп кеткен.

Жүздесу барысында қос университет басшылары білім беру мен ғылыми ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version