үй Әлем жаңалықтары ҚазҰУ мен хьюстондық ғалым онкологияны зерттейтін зертхана құрмақ

ҚазҰУ мен хьюстондық ғалым онкологияны зерттейтін зертхана құрмақ

28
0

181 Awrora

ҚазҰУ мен хьюстондық ғалым онкологияны зерттейтін зертхана құрмақ

Фотосурет: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Университет ғалымдары шетел зерттеушілерімен бірге жұмыс істейді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев ғалым, Хьюстон университетінің профессоры, PhD  Шайкен Тәттіммен кездесу өткізді.

Құрметті қонаққа Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ-дың жетістіктері мен қызметін таныстырды.

ҚазҰУ мен хьюстондық ғалым онкологияны зерттейтін зертхана құрмақ

Білім ордасының басшысы Шайкен Тәттімді биология саласы бойынша университеттің биология және биотехнология факультетінің ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. 

Өз кезегінде профессор ЖОО басшысына қатерлі ісік ауруын алдын алу бойынша атқарған жұмыстары туралы ақпарат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

ҚазҰУ мен хьюстондық ғалым онкологияны зерттейтін зертхана құрмақ

Тараптар кездесу барысында болашақта ҚазҰУ-да бірлескен ғылыми зертхана құруға уағдаласып, серіктестікті дамытуға келісті.

Источник: dknews.kz