үй Әлем жаңалықтары ҚазҰУ – QS Sustainability рейтингінде топ бастады

ҚазҰУ – QS Sustainability рейтингінде топ бастады

11
0

273 Арман

ҚазҰУ – QS Sustainability рейтингінде топ бастады

QS Sustainability Rankings халықаралық рейтингінің қорытындысы бойынша ҚазҰУ әлемдегі үздік 500 университет санатына қосылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Басқару моделі» индикаторы бойынша университет қазақстандық жоғары оқу орындары арасында ең жоғары нәтиже көрсетіп, әлемнің үздік 200 ЖОО қатарына енді.

Биыл алғаш рет өткен рейтингте ҚазҰУ 95 мемлекет пен аймақ бақ сынаған әлемнің 1397 университеті арасында 447-орынды иеленді.

QS Sustainability – университеттердің білім беру және ғылыми зерттеу орталықтары ретіндегі әлеуметтік және экологиялық әсерін бағалайды.

Рейтинг әдіснамасына үш индикатор бойынша көрсеткіштер енгізілді: «Қоршаған ортаға әсер ету» (тұрақтылық, білім беру, зерттеу) – 45%, «Әлеуметтік әсер» (тең жағдай жасау, білім алмасу, білім беру және ғылыми қызметтің тиімді әсері, түлектерді жұмысқа орналастыру, денсаулық және әл-ауқат) – 45%, басқару моделі – 10%.

«Қоршаған ортаға әсер ету» санатында тек ҚазҰУ әлемдегі ең үздік 500-дің қатарына кіреді. Мансаптық даму мүмкіндіктері мен жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды бағалайтын «Түлектердің жұмысқа орналасуы» индикаторы бойынша ҚазҰУ барлық қазақстандық жоғары оқу орындарының ішінен ТОП-1000-ға енген жалғыз университет.

Университет жетістігі ҚазҰУ-дың БҰҰ-ның Тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасының жаһандық хабы ретіндегі белсенді қызметімен байланысты. Бұл жаһандық проблемаларды шешудің халықаралық үдерісіндегі басты білім ордасының бірі ретінде Қазақстанның рөлін күшейтуге және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың елімізде Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Тұрақты даму мақсаттары бойынша өңірлік хаб құру жөніндегі бастамасын ілгерілетуге ықпал етеді.

Университеттің осы бағыттағы көпжылдық нәтижелі жұмысы мен ғылыми-білім беру әлеуеті қазіргі заманғы әлемді дамытудың жаһандық тренді болып табылатын тұрақты даму саласындағы жоғары бәсекеге қабілеттілігін айғақтайды.

Рейтинг қорытындыларымен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады.

Источник: dknews.kz