үй Әлем жаңалықтары Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті Мажарстанның назарында

Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті Мажарстанның назарында

18
0

962 Арман

Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті Мажарстанның назарында

Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігі «Барс» қазақ-мажар қорымен бірлесіп Наурыз мейрамына арналған іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті Мажарстанның назарында

Мәдени іс-шараға қазақ диаспорасы мен қазақстандық студенттер, «Мадьяр-Тұран» қоғамдық қорының өкілдері, Мажарстанның ғылым және мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ іскер топтарының өкілдері қатысты.

Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті Мажарстанның назарында

Мерейтойды ашқан Қазақстан Елшісі Жәнібек Әбдрашов Наурыз мерекесі ұлттық бірегейлікті сақтау, бейбітшілік пен достықты нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтіп, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық рухы бізбен мәңгі бірге болуға тиіс екенін айтып, бақыт пен амандық тіледі.

Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті Мажарстанның назарында

Қордың президенті Андраш Гал мен Абай орталығының басшысы Оңғайша Мандоки өз сөздерінде екі елдің халықтарын жақындастыратын ортақ тамырлар мен тарих өзара тиімді қызмет үшін маңызды негіз болып табылатынын атап өтті.

Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті Мажарстанның назарында

Көрермендерге қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері көрсетілген жарқын шығармашылық нөмірлер ұсынылды. Қазақ диаспорасы мен студенттер арасында көптеген таланттар музыкалық нөмірлерде жарқ етті. Наурыз мерекесі көңілді әндермен, билермен және музыкалық аспаптарда ойнаумен сүйемелденді. «Ең мықты батыр» деген дәстүрлі байқау да ұйымдастырылды.

Қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдениеті Мажарстанның назарында

Іс-шараның басты ерекшелігі «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің қойылымы болды. Ұлттық аспаптардың әуені көрермендерді Ұлы даланың шексіз кеңістігіне жетеледі.

Қонақтарға арналған алуан концерттік бағдарламадан басқа мерекелік дастархан жайылып, қонақтардың әсерлерін толықтырды. Барлық қатысушыларға дәстүрлі қазақ және мажар тағамдары – палау, гуляш, паприкаш, бауырсақ және тәттілер ұсынылды.

Мереке қазақ диаспорасы өкілдері мен студенттер арасында өшпес әсер қалдырып, қуаныш сыйлады. Іс-шара ата-баба тарихы мен мәдениетін жастар санасына сіңіріп, ұрпақтар сабақтастығын орнатуға үлес қосты. Диаспора өкілдері мен студенттер атамекеннің ән-күйімен сусындап, туған жерге деген сағынышын басты.

Источник: dknews.kz