үй Әлем жаңалықтары Қазақ жерінде поляк генералы Владислав Андерс қолбасшылығында құрылған әскери жасақ жөнінде

Қазақ жерінде поляк генералы Владислав Андерс қолбасшылығында құрылған әскери жасақ жөнінде

5
0

1183 Арман

Қазақ жерінде поляк генералы Владислав Андерс қолбасшылығында құрылған әскери жасақ жөнінде

Фотосурет: Генерал Владислав Андерс

Екінші дүние жүзілік соғыстың қазақтарға, қазақ жеріне қатысты тарихи беттеріндегі Польшамен байланысқан дипломатиялық шешімдер, әлі күнге дейін өзекті болып келе жатқан мәселелерді тоғыстырады. Әсіресе, 1936 жылы қазақ жеріне бірінші болып жер аударылған Батыс Украиналық поляктар депортациясы, екінші дүние жүзілік соғыс жылдары тұтқындалған поляктар мен мигрант поляктардың қазақ жерінде пана табуы қазақ халқының бауырмал, қонақжайлығымен сыналатын елдік бірегейлігінде орын табады. Сонымен қатар, соғыс жылдары Польша құлатылған үкіметінің шетелдегі уақытша билігінің араласуымен, кеңес тұтқынындағы поляк генералы Владислав Андерстің қолбасшылығымен поляк әскери жасағының құрылуы және кеңестер аумағында поляк дипломатиялық делегатуралары қызметінің қазақ елінде қызмет атқаруына қатысты мәселелерде әрқайсысы дара тақырып. Қазіргі қазақ-поляк қатынастарына арқау болған ғылыми-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық осы тақырыптарды зерттеп-зерделеуде терең қолдау білдіруде.

Зерттелу деңгейлері маңызды мәселелердің ішіндегі қазақ жерінде екінші дүние жүзілік соғыс жылдары поляк әскери жасағының құрылуы және оның қолбасшысы генерал Владислав Андерстің әскерді жасақтаудағы еңбегі жөніндегі тарихи деректердің жарыққа шығып, тарих таразысында орын алуын қазақ-поляк қатынастарының тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі кезеңіндегі маңызды қадам десе болады.

Қазақ жерінде поляк генералы Владислав Андерс қолбасшылығында құрылған әскери жасақ жөнінде

1941 жылдың жаз айларындағы британ билігінің дәнекерлігімен жасалған кеңес-поляк қатынастарының қалпына келуі барысында жасалған келіссөздерде, кеңестер аумағында поляк елшілігін қайта ашу, поляк саяси және әскери тұтқындарын босатуды талап ете, эмиграциядағы поляк азаматтарында қосқан тұлғалардан поляк әскерін жасақтау да қолға алынады. Екі жақты дипломатия сол жылдың он екінші тамызында кеңестер билігінің жоғарғы төралқасының қабылдаған «ел аумағындағы әскери лагерлер мен түрмелерден поляк соғыс тұтқындары мен бас бостандығынан айырылған поляк азаматтарына амнистия беру» жөніндегі жарлығына негіз болған еді.

Қазақстан Республикасы Президенттік архивінде 1942 жылдың 23 қантарында Қазақстан К(б) П Орталық комитетінің поляк әскери бірлестіктерін орналастыру жөніндегі қаулысы сақталған. Қазақ халық комиссарлары төрағасы Н.Оңдасынов қол қойған аталмыш қаулыда Түркістан-Сібір темір жолының Отар және Луговой стансаларының, Меркі ауданы әкімшілік мекемелерінің ғимараттарында поляк әскери жасақтарын орналастыру, Оңтүстік Қазақстан обкомына Мақтааралда, Шоқпақ мекенінде де поляк әскери бірлестіктерін орналастыру жөнінде айтылады.

Поляк дипломатиялық корпусы делегатуралары өкілдері қызметінің белсенді әрекет арқасында кеңестердің Орталық Азиядағы қазақ жерінен басқа өзбек, қырғыз республикаларының аумағындағы поляк әскери тұтқындары мен Польша азаматтарын әскери жасаққа алу, оларды санаттау шаралары жүзеге асады. Осылайша, Владислав Андерстің қолбасшылығына он әскери дивизиядан тұрған, 100 000 жуық поляк азаматтарын жинақтаған әскери жасақ Орталық Азия аймағында жабдықталады. Қазақстанның аталған елді мекендерімен қатар, өзбектердің Маргелан, Гузар, Янги-Юль, Шахрысябз елді мекендерінде, қырғыздардың Қарабалта, Жалалабадында поляк әскери жасағы бөлімшелері орналасады.

Генерал Андерс өзге мемлекеттің аумағында әскери жасақты жабдықтау, әскерлерді орналастыру, гарнизондар құру арқылы жауынгерлік сап құру, азық-түлік, киім-кешектермен қамтамасыз ету шараларында поляк делегатурасының өкілдерінің және кеңестер тарапынан шағын болса да поляк жасағын құруда қолдау көреді. Қазақтың даңқты генералы, атақты 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы И.В.Панфиловқа поляк жасағын жабдықтауда қолдау көрсетудің өкілеттілігі де берілген болатын.

Қазақ жерінде поляк генералы Владислав Андерс қолбасшылығында құрылған әскери жасақ жөнінде

Поляк әскери жасағының арнайы бөлімшелерінде к басқа да өңірлерден поляктармен қатар, кеңестер билігі аумағында қудаланған, әскери тұтқын аталған, жер аударылған, соғыс аумақтарынан күштеп қоныстандырған латыштар, литва, эстондар және еврейлердің де құрамға кіру туралы талаптары жасалған. Поляк әскерін құру төңірегінде шаралар жоғарыда айтқандай британ дипломатиясының араласуымен қолға алынып, әскерді жабдықтау ағылшындардың демеушілігімен жүзеге асқан еді. Осы тұста жат жерде әскер құру ісінің толық мақсатын айқындау және әскери потенциалды белгілі бағытта пайдалану, генерал В.Андрес үшін аса ауыр саяси мәселелерді шешу арқылы әрекет ету міндеттерін де жүктеген болатын.

Жалпы, екінші соғыс жылдарының әскери дипломатиясы соғысушы елдердің соғысқа тартылу, соғыс стратегиясына қарай бет бұрғаны белгілі. Кеңес әскерінің Молотов-Риббентроп құпия пактісіне сай әрекет етуінің барысында, өзінің тәуелсіздігінен айырылып қалған поляктар үшін, екінші дүние жүзілік соғыс барысында соғысушы күштер ұстанымын анықтаудағы аса күрделі шешімдер қабылдау мәселелерін тудырады.

Осы тұста британ саясатының дәнекерлігі мен демеушілігі жағдайының әсері және ары қарайғы кеңестер аумағындағы поляк әскерінің мүмкіндігін жұмылдыру мәселесін шешуде генерал В.Андрестің қолбасшылық саясаты сол уақыттың геосаяси және геостратегиялық ақуалына сай жүзеге асады. Британ билігі мен эмиграциядағы Польша үкіметінің шешіміне сай, кеңес аумағындағы поляк әскерін Иранның оңтүстігіне көшіру, соғыстың батыс соғысушы елдер ұстанымына қарай ойысқан шешімдеріне сай әрекет ету генерал Андрес әскері жасағының тағдырын шешеді.

1939 жылы кеңестерге әскери тұтқынға түскен поляк генералы Владислав Андерс НКВД түрмелерінде 1941 жылдың тамызына дейінгі уақытта болады. Андерс әскери жасағы кеңес үкіметі мен қудаланған поляк үкіметі арасындағы келісім негізінде құрылған сәтінен бастап, 1946 жылға дейін өмір сүреді. Генерал Владислав Андерс Қызыл әскермен бірлесе соғысудан бас тартып, оның әскерінің Иранға жөнелтілгенінен кейін, британ әскерінің құрамында екінші дүние жүзілік соғыстың итальян майданында соғысқаны белгілі.

Генерал Владислав Альбертович Андрестің екінші дүние жүзілік соғыс таңбалаған әскери қызметімен байланысты тағдыры, оны Польшаның социалистік кезеңінде де тарихи Отаннан біржолата жырақтартып тастаған еді. Польша елінің тәуелсіздігін сыртта жүріп қолдауда аянбай күрескен, поляктың батыр перзентінің тарихи тағдырының қазақ жерімен де сабақтасуы, қазақ тарихында есімі қалған басқа да поляк азаматтарымен тағдырлас.

Ел тәуелсіздігінің идеялық күресін жат елдерде жалау етіп, майдан еткен поляк генералының есімі қазақ-поляк қатынастарының барлық кезеңінде айтыла жүретін дәнекер ұлағатты есімдер қатарынан орын алып, екі жақты байланыста «тірі көпір» міндетін атқара берері сөзсіз.

Лаура Исова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к.

Источник: dknews.kz