үй Әлем жаңалықтары Қазақстанға келген Путин қамауға алына ма?

Қазақстанға келген Путин қамауға алына ма?

14
0


                Қазақстанға келген Путин қамауға алына ма?

Фото: ғаламтордан

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей президенті Владимир Путинді қамауға алуға ордер берген Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) шешіміне қатысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE. «Біз Рим статутына қол қойған жоқпыз және ратификациялаған жоқпыз. Жарғы Қазақстанға қатысты емес және ол бойынша міндетіміз жоқ», — деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Путинді қамауға алуға ордер берілгені 2023 жылдың наурызында белгілі болды. Осылайша, ХҚС Рим статутына қол қойған елдер Путинді тұтқынға алуға міндетті.

ХҚС Ресей Федерациясының президентін балаларды Украинадан Ресейге заңсыз депортациялады деп айыптайды.

14 наурызда Путиннің Қазақстанға 2023 жылдың күзінде келетіні белгілі болды.

Источник: nege.kz