үй Әлем жаңалықтары Қазақстан ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жаһандық талқылауларға модераторлық етті

Қазақстан ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жаһандық талқылауларға модераторлық етті

9
0

897 rob

Қазақстан ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жаһандық талқылауларға модераторлық етті

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжан ауыл шаруашылығына арналған ДСҰ апталығы шеңберінде «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қорлар» атты тақырыптық сессиясының модераторы болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған семинардың мақсаты – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қорлардың рөлін терең зерттеу, сондай-ақ осы бағдарламаларды іске асыру кезінде үкіметтер тап болатын озық тәжірибелер мен сын-қатерлерді анықтау үшін ДСҰ-ға мүше елдердің тәжірибесімен алмасу.

Қазақстан ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша жаһандық талқылауларға модераторлық етті

Іс-шараға Кения Елшісі Клеопа Майлу, Үндістанның Сауда және өнеркәсіп министрлігінің, Жапонияның Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы министрлігінің, Бразилияның ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің сарапшылары, сондай-ақ БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мамандары қатысты.

Қазақстанның Тұрақты өкілі өзінің кіріспе сөзінде мемлекеттік азық-түлік қорлары – ауыл шаруашылығы тауарларын нарыққа тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуге, фермерлік шаруашылықтардың кірістерін қолдауға және халықтың осал топтарын қорғауға арналған көптеген елдердегі ауыл шаруашылығы саясатының маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Алайда, мемлекеттік азық-түлік қорларының бағдарламалары әлемдік саудадағы жеткізілім көлемі мен бағасына әсер етуі, бұл басқа елдердегі өндірушілер мен тұтынушыларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, Ж. Айтжанның айтуынша, мемлекеттік қорлар бағдарламалары азық-түлік қауіпсіздігінің ұқсас мақсаттарына қол жеткізудің басқа тәсілдерімен салыстырғанда әрбір нақты жағдайда мұқият бағалауды талап етеді.

Жапонияның Қоршаған орта, экспорт және халықаралық байланыстар бюросы Бас директорының орынбасары Кацухиро Саканың айтуы бойынша, жапондық тарапта елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нарықтық бағамен сатып алынған күріш, бидай және астықтың шамамен үш миллион тонна қоры бар. Сонымен бірге, К. Сака экспорттық шектеу шаралары сауда ағындарының үздіксіздігіне айтарлықтай теріс әсер ететінін атап өтті, сондықтан ДСҰ ережелеріне сәйкес транспаренттілікті арттыра отырып, экспорттық шектеулер саласындағы тәртіпті күшейту маңызды.

Үндістанның Сауда және өнеркәсіп министрлігінің сарапшысы Яшвир Сингхтің ақпаратына сәйкес мемлекеттік қорлар бойынша іске асырылған жоспар өзінің тиімділігін дәлелдеді. Атап айтқанда, Үндістанда 813 миллионнан астам адам қолжетімді бағамен азық-түлікпен қамтамасыз етілген COVID-19 пандемиясы кезеңінде байқалды. Сонымен қатар, Үндістан тарапының деректеріне сәйкес 2021-2022 жылдар ішінде мемлекеттік қорлар бағдарламалары шеңберінде Үндістан жергілікті тұтынушылар үшін 59 млн тонна күріш бөлді, бұл әлемдік экспорттың 57 млн тоннаға тең көлемінен асып түсті.

Жалпы алғанда, нарықтық бағаларды қолдау көлемін есептеу формуласындағы әртүрлі түсіндіруді, сондай-ақ осы мәселені тұтастай реттейтін тұрақты шешімнің жоқтығын ескере отырып, азық-түлік қауіпсіздігі мақсаттары үшін мемлекеттік қорлар мәселесі ДСҰ алаңында мүше елдер арасындағы күрделі келіссөздердің мәні болып табылатынын атап өткен жөн.

Қорытындылай келе, ҚР Тұрақты өкілі Ж. Айтжан мемлекеттік азық-түлік қорлары бағдарламаларын іске асыру кезінде әр елдің өз мақсаттарын көздейтінін, бұл ретте, оларды іске асыруда қорларды сатып алу тұрғысынан да, оларды одан әрі сатуда да айтарлықтай айырмашылықтар бар екеніне назар аударды.

Ж. Айтжан өткізілген пікірталас ДСҰ шеңберіндегі азық-түлік қауіпсіздігі бойынша кейінгі сындарлы келіссөздер үшін негіз болады деген үмітін білдірді.

Источник: dknews.kz