үй Әлем жаңалықтары Қазақстан БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысуды жалғастырады

Қазақстан БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысуды жалғастырады

42
0

1359 Арман

Қазақстан БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысуды жалғастырады

Нью-Йоркке сапары аясында Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Таяу Шығыстағы жағдай бойынша ашық пікірталастарында сөз сөйледі, сондай-ақ Дүниежүзілік ұйым басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысуды жалғастырады

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде Қ. Омаров Израиль мен Палестинаны екі халыққа арналған екі мемлекет формуласы негізінде бейбіт шешімді ілгерілетуге нұқсан келтіретін кез келген әрекеттерден бас тартуға шақырды. Израиль мен Палестинаның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне (АӨСШК) мүшелігін ескере отырып, қос тарапты өз ұстанымдарын жақындату үшін АӨСШК әлеуетін пайдалануға шақырды.

Қазақстан БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысуды жалғастырады

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысымен кездесу барысында Антониу Гутерриш «еліміздің аймақтағы жетекші рөлін» атап өтіп, «ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аса күрделі халықаралық жағдай аясындағы ауқымды саяси және әлеуметтік реформаларының жүзеге асырылуын» жоғары бағалады. Тараптар өзекті халықаралық мәселелердің кең ауқымы және Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары бойынша пікір алмасты. Олар сондай-ақ Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру бастамасын талқылады.

Қазақстан БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысуды жалғастырады

БҰҰ Бас хатшысының құқықтық мәселелер бойынша орынбасары Мигель де Серпа Суарешпен кездесу барысында Алматыда БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары бойынша өңірлік орталығын құрудың құқықтық аспектілері, сондай-ақ БҰҰ-ның жекелеген конвенцияларын ратификациялау мәселелері талқыланды.

БҰҰ Бас хатшысының бітімгершілік операциялары жөніндегі орынбасары Жан-Пьер Лакруа Қазақстанға БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына әйелдердің қатысуын кеңейту жөніндегі бағдарламасына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді және ҚР Қорғаныс министрлігінің «KAZCENT» бітімгершілік оқу орталығында бірқатар елдердің әскери кадрларын даярлау бойынша күш-жігерін атап өтті. Қазақстандық дипломат еліміздің БҰҰ бітімгершілік миссияларына белсенді қатысуын жалғастырып, халықаралық қауіпсіздікке үлес қосу ниетін мәлімдеді.

Жалпы алғанда, сапар нәтижелі өтті және БҰҰ басшылығымен өзара мүдделілік тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Источник: dknews.kz