үй Әлем жаңалықтары Қазақстан – Бразилия: достық пен өзара түсіністікке 30 жыл

Қазақстан – Бразилия: достық пен өзара түсіністікке 30 жыл

11
0

339 Арман

Қазақстан – Бразилия: достық пен өзара түсіністікке 30 жыл

Рио-де-Жанейро қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Қазақстан-Бразилия дипломатиялық қатынастарының орнағанының 30 жылдығына арналған «Қазақстан-Бразилия: достық пен өзара түсіністікке 30 жыл» атты фотокөрменің ашылуына қатысты. Презентация Нитерой ауданының орталық кітапханасында өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан – Бразилия: достық пен өзара түсіністікке 30 жыл

Іс-шараны ашқан Достық форумының атқарушы директоры Эдельсио Америко бұл іс-шара Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай елдеріміздің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту жолындағы маңызды бастама болғанын атап өтті. Оның пікірінше, Рио-де-Жанейро қаласы Оңтүстік Американың мәдени астанасы бола отырып, биылғы жылы қала орталығында Абай Құнанбайұлы ескерткішінің ашылуын қоса алғанда, мәдени-танымдық жобалар үшін тамаша орын болып табылады.

Қазақстан – Бразилия: достық пен өзара түсіністікке 30 жыл

Қазақстан – Бразилия: достық пен өзара түсіністікке 30 жыл

Презентация барысында Қазақстан Елшісі кітапхана директорына «Бразилиядағы Қазақ кітапханасы» жобасы аясында шығарылған кітаптарды: «Абайдың Қара сөздер», сондай-ақ Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының бірінші томын табыс етті.

Қазақстан – Бразилия: достық пен өзара түсіністікке 30 жыл

Қазақстан – Бразилия: достық пен өзара түсіністікке 30 жыл

Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған іс-шараға муниципалдық билік пен қаланың зияткерлік топтарының өкілдері қатысты.

Источник: dknews.kz