үй Әлем жаңалықтары Қазақстан – Бразилия: техникалық білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан – Бразилия: техникалық білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

0

461 Арман

Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов интернет-платформаны пайдалану арқылы техникалық пәндерді онлайн оқытуға маманданған «NT Editora» компаниясының Бас директоры Жозе Мануэль Санчеспен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында виртуалды режимде техникалық мамандықтарды оқыту бойынша бразилиялық платформаның презентациясы, сондай-ақ компанияның оқытушылар құрамы мен қызметкерлері тартылған компьютерлік оқыту орталығын тексеру өтті. Бразилия интернет-платформада әлемдік және озық технологияларды пайдалана отырып, кәсіптік-техникалық оқыту саласын белсенді дамытуда.

Тараптар осы саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін екі елдің мүдделі құрылымдарының қатысуымен бейнеконференция ұйымдастыру туралы уағдаласты. Бұл ниеттер биылғы жылы дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 30 жылдығын мерекелеу аясында ерекше өзекті болып отыр.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version