үй Әлем жаңалықтары Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

0

213 rob

Қазақстан Республикасының ДСҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Бас директоры Дарен Тангпен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

ДЗМҰ Бас директоры мүмкіндікті пайдалана отырып Қазақстанды 2022 жылғы маусымда ДСҰ-ның 12-ші Министрлік конференциясын сәтті өткізумен құттықтады. Д. Тангтың айтуынша, Қазақстанның төрағалығымен өткен конференция барысында халықаралық сауданың өзекті мәселелері бойынша көпжақты уағдаластықтарға қол жеткізу мультилатерализмнің болашағына, оның ішінде ДЗМҰ алаңында да нық сеніммен қарауға мүмкіндік береді.  Осыған байланысты, Бас директор Танг 2024 жылы ДЗМҰ Дипломатиялық конференциясын дайындауға Қазақстанның белсенді қатысуға және Генетикалық ресурстар мен дәстүрлі білім туралы халықаралық құжат жасасуға жан-жақты жәрдем көрсетуге өтініш білдірді.

Кездесу барысында ҚР Тұрақты өкілі ұлттық заңнаманы жетілдіру, қызметтерді цифрландыру, кадрларды кәсіби оқыту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту Қазақстан үшін зияткерлік меншікті дамыту саласындағы басым міндеттер болып табылатынын атап өтті. Тұрақты өкіл Ж. Айтжан сондай-ақ отандық құқық иеленушілердің мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстанның Гаага өнеркәсіптік үлгілерді қорғау жүйесіне қосылуын жоспарлап отырғанын да атап өтті.

Бас директор Танг 2022 жылы Қазақстанда Орталық Азия елдері үшін ДЗМҰ Жазғы мектебін табысты өткізу тәжірибесіне сүйене отырып, осындай шараны 2023 жылы да өткізуді ұсынды. Тұрақты өкіл Қазақстанның зияткерлік меншік саласында Орталық Азиядан жас мамандарды даярлау жүйесін құру үшін қажетті әлеуеті бар екенін және осы бастаманы іске асыру мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін атап өтті.

ҚР Тұрақты өкілі, өз кезегінде, ДЗМҰ басшылығынан технологияларды және инновацияларды қолдау орталықтарын дамытуда Қазақстанға қолдау көрсетуді және жоба шеңберінде Қазақстанға мамандандырылған патенттік ақпаратқа еркін қол жеткізуді ұсыну мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Қазақстанда географиялық көрсеткіштерді дамыту үшін ДЗМҰ-ның техникалық көмегі ҚР Тұрақты өкілі кездесу барысында қозғаған маңызды мәселе болды. Географиялық көрсеткіштерді қорғау ауылшаруашылық өнімдерінің маркетингі мен экспорты үшін маңызды рөл атқарады және отандық өндірушілерге өз өнімдерінің бірегей қасиеттерін бақылауды сақтауға және оларды коммерцияландырудан пайда алуға мүмкіндік береді.  Атап айтқанда, кездесу қорытындысы бойынша тараптар Алматы апортын өндірушілер қауымдастығының ДЗМҰ сарапшылары тарапынан олардың өнімін географиялық нұсқау ретінде қорғауға техникалық жәрдемдесу туралы уағдаласты.

Тұрақты өкіл Ж. Айтжан зияткерлік меншік жүйесінде әйелдердің біліктілігін арттыруға және оқытуға бағытталған ДЗМҰ жаһандық жобасына қатысудағы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Қазақстанның қызығушылығын білдірді.

Кездесу аяғында ДЗМҰ Бас директоры Д. Танг ҚР Тұрақты өкілі айтқан барлық ұсыныстарды қолдап, ДЗМҰ Қазақстандағы зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғауға байланысты маңызды мәселелерді шешуде жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.

ДЗМҰ зияткерлік меншікті қорғау саласындағы халықаралық ұйым болып табылады. Ол іс жүзінде 1893 жылы дипломатиялық конференцияда Париж (өнеркәсіптік меншікті қорғау) және Берн (әдеби және көркем шығармаларды қорғау туралы) конвенцияларының әкімшілік функцияларын орындайтын екі бюро БИРПИ (Зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі біріккен халықаралық бюролар) деп аталатын бір мекемеге біріктірілген кезде құрылды.

Мүше мемлекеттер БИРПИ үшін толыққанды үкіметаралық ұйым мәртебесіне қол жеткізгісі келді. Сондықтан 1967 жылы Стокгольмде ДЗМҰ құратын Конвенцияға қол қойылды.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version