үй Әлем жаңалықтары Қазақстан дәстүрлі түрде халықаралық байқаушылар тетігін кеңінен пайдалануға үлкен мән береді

Қазақстан дәстүрлі түрде халықаралық байқаушылар тетігін кеңінен пайдалануға үлкен мән береді

14
0

1045 Awrora

Қазақстан дәстүрлі түрде халықаралық байқаушылар тетігін кеңінен пайдалануға үлкен мән береді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев 2023 жылғы 19 наурызда жоспарланған Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын байқау үшін Қазақстанға келген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылар тобының жетекшілері Вагаршак Акобянмен және Дмитрий Кобицкиймен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында Е. Қоныспаев сұхбаттастарды парламенттік сайлауға дайындықтың барысы және Қазақстандағы сайлау заңанамасындағы жаңалықтар туралы хабардар етті. Ол алдағы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы Қазақстан үшін айтулы оқиға екенін, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған және өткен жылғы маусымда жалпыхалықтық референдумда азаматтардың қолдауына ие болған конституциялық реформаға сәйкес өтіп жатқанын, елдің демократияны кеңейту жолындағы үздіксіз ілгерілеу мен оң өзгерістерді қамтамасыз етуге арналғанын ерекше атап өтті.

Қазақстан дәстүрлі түрде халықаралық байқаушылар тетігін кеңінен пайдалануға үлкен мән береді. Осыған байланысты Қазақстанда ТМД Парламентаралық Ассамблеясының осы қызмет жолындағы жақсы ұйымдастырылған жұмысын жоғары бағалайды.

Қазақстан дәстүрлі түрде халықаралық байқаушылар тетігін кеңінен пайдалануға үлкен мән береді

Сонымен қатар, халықаралық байқаушылар Сыртқы істер министрлігінің шетелде тұратын Қазақстан азаматтарының сайлау құқығын жүзеге асыру бойынша атқарған жұмыстары туралы хабардар етілді.

Өз кезегінде халықаралық байқаушылар Қазақстан басшылығы жүргізіп отырған саясатты жоғары бағалап, еліміздегі сайлау заңнамасында халықаралық озық стандарттарға сай жүргізіліп жатқан өзгерістердің маңыздылығын атап өтті. Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы Қазақстанның одан әрі дамуы мен өркендеуіне жасалған кезекті қадам болатынына сенім білдірілді.

Кездесу соңында ТМД ПАА мониторингтік тобының басшылығы парламенттік сайлауды өткізуге сәттілік тілеп, сайлау үдерісін жетілдіруде алдағы уақытта өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

Источник: dknews.kz