үй Әлем жаңалықтары Қазақстан ДБ және ХВҚ көктемгі сессияларына қатысады

Қазақстан ДБ және ХВҚ көктемгі сессияларына қатысады

15
0

247 Арман

Қазақстан ДБ және ХВҚ көктемгі сессияларына қатысады

2023 жылғы 13-15 сәуір аралығында ДБ және ХВҚ-ның дәстүрлі көктемгі сессиясы шеңберінде делегация басшысы, ҚР Ұлттық экономика министрі және Қазақстаннан Дүниежүзілік банктің басқарушысы Әлібек Қуантыров халықаралық қаржы институттарының және қатысушы елдер делегацияларының басшыларымен, сондай-ақ халықаралық экономикалық қоғамдастық өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Атап айтқанда, ол ДБ Президенттігіне кандидат Аджай Бангумен, ДБ-ның Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша жаңа Вице-президенті Антонелла Басанимен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланады.

Қазақстан ДБ және ХВҚ көктемгі сессияларына қатысады

Сонымен қатар, Ә.Қуантыров АҚШ Сауда палатасында Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесінің мүшелерімен дөңгелек үстел жұмысына қатысады, сондай-ақ Standard&Poor’s, Moody’s және Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттіктерінің басшылығымен кездесу өткізеді.

Қазақстандық делегация ДБ және ХВҚ көктемгі сессияларына жыл сайын қатысады.

Источник: dknews.kz