үй Әлем жаңалықтары Қазақстан Дюссельдорфта өзінің экономикалық әлеуетін ұсынды

Қазақстан Дюссельдорфта өзінің экономикалық әлеуетін ұсынды

0

348 Арман

Бүгін Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жерінің астанасы, Германияның өнеркәсіптік және технологиялық мегаполисі болып табылатын Дюссельдорф қаласында Қазақстанның экономикасы күні өтіп, оның барысында жергілікті мемлекеттік органдардың, Германияның жетекші зерттеу және талдау орталықтарының өкілдеріне, сондай-ақ түрлі салалардағы, оның ішінде логистика, көлік және заңгерлік кеңес беру саласында мамандырылған 100-де астам неміс компанияларының басшылығына Қазақстан мен Германия арасындағы өнеркәсіп, энергетика және шикізат салаларындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері таныстырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өзінің алғы сөзінде Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов қатысушыларға мемлекетіміздің экономикалық әлеуеті, шетелдік инвесторлар үшін қолайлы заңнамалық базасы, «Астана» халықаралық қаржы орталығының мен арнайы экономикалық аймақтар шеңберіндегі бизнес үшін қолжетімді жеңілдіктер мен преференциялар туралы, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыру барысы туралы ақпарат берді.

«Қазақстанның үкіметі бірлескен өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру үшін неміс инвесторларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын» Нұрлан Онжанов

Дюссельдорф Сауда палатасының президенті Андреас Шмиц, өз тарапынан, Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жерінің экономикасы орасан зор өнеркәсіптік әлеуетке ие екенін, осыған байланысты жергілікті компаниялар Қазақстанмен әсіресе Германияны тұрақты энергиямен қамтамасыз ету саласында ынтымақтастыққа қызығушылық танытқанын атап өтті. Сонымен қатар, оның айтуынша, неміс кәсіпорындары үшін Қазақстан аумағында өңдеу өнеркәсібінде бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жақсы мүмкіндіктері бар.

Тараптар жоғары технологиялар, энергетика, көлік және коммуникациялар саласындағы неміс тәжірибесін тартудың өзара тиімді сипатын атап өтті. Форумға қатысушылардың пікірінше, екі елдің ұйымдары мен мекемелері арасындағы техникалық білім беру, ғылыми-зерттеу және ғылымды қажет ететін өндірістерді дамыту саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері де өзекті болып табылады.

Бұл орайда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов энергетика және шикізат салаларындағы жағдай мен келешегі зор жобалар туралы айтса, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры Ержан Елекеев мемлекетіміздің банк жүйесі және қаржы секторындағы ынтымақтастықтың әлеуетті мүмкіндіктеріне тоқталды.

Өз тарапынан, «Wilo Group», «Rhenus Logistics» және «Thyssen Schachtbau» сияқты ірі неміс компанияларының өкілдері Қазақстанда жұмыс істеудің оң тәжірибесімен бөлісті.

Форум соңында белсенді пікірталас өтіп, оның барысында қатысушылар Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және инновациялық ынтымақтастықты кеңейту үшін үлкен әлеует бар екенін айтты.

1288 жылы балықшылар тұрғыны ретінде құрылған Дюссельдорф қаласы 1946 жылдан бері тұрғандар саны бойынша ең ірі федералдық жері болып табылатын Солтүстік Рейн-Вестфалияның астанасы болды. Бүгінгі таңда алтыншы ірі қала халықаралық сауда және қызмет көрсету орталығы болып табылады, онда әртүрлі салалардағы ірі кәсіпорындар мен компаниялардың бас кеңселері орналасқан.

Рейн-Рур аймағының қақ ортасында жақсы көлік байланыстары бар, Германиядағы үшінші ірі халықаралық әуежайдың болуына байланысты, Дюссельдорф сонымен қатар өнеркәсіптік әлем үшін жетекші сауда жәрмеңкесі болып табылады. Осылайша, мұнда жыл сайын 50-ге жуық сауда көрмесі өтеді, оның ішінде 24-і халықаралық деңгейдегі жетекші көрмелер.

40-қа жуық консулдық мекемелері және 30-дан астам шетелдік сауда палатасы мен сыртқы сауда ұйымдары бар Дюссельдорф сонымен қатар іскерлік байланыстар орталығы болып саналады. 

Солтүстік Рейн-Вестфалия – Германияның тұрғындар саны бойынша ең ірі федералдық жері болып табылады (шамамен 17,9 миллион адам).

Тарихи тұрғыдан алғанда, көмір және темір өнеркәсібі бар Рур аймағы Германияның өнеркәсіптік әлеуетінің орталығы болды. Уақыт өте келе федералдық жер айтарлықтай өзгерді және қазір әртараптандырылған және инновациялық экономикасы бар заманауи динамикалық аймаққа айналды.

2021 жылы жалпы өңірлік өнім 733 миллиард еуроны құрады және осылайша ЖІӨ-нің шамамен 20 пайызын құрады.

Солтүстік Рейн-Вестфалияда «Thyssenkrupp» (инжиниринг және өндіріс), «Bayer AG» (фармацевтика және химия), «Metro» (бөлшек), «Deutsche Telekom» (телекоммуникация), «Aldi Nord», «Aldi Süd» және «Rewe» (бөлшек сауда) «RWE» және «Deutsche BP» (энергиямен қамтамасыз ету), «Deutsche Post AG» (логистика және көлік) және басқа да көптеген ірі компаниялардың штаб-пәтері орналасқан.

Солтүстік Рейн – Вестфалия өзінің орналасқан жеріне байланысты Германияда ғана емес, әлемдік деңгейдегі логистикалық орталық болып табылады.

Сыйымдылығы шамамен 860 000 тонна болатын Кёльн-Бонн әуежайы Германияның үшінші әуе жүк орталығы болып табылады және оны «UPS» және «FedEx» сияқты жаһандық компаниялар хаб ретінде пайдаланады.

Каналдар мен кеме жүретін өзендерін қосы алғанда федералдық жердің су инфрақұрылымының жалпы ұзындығы 720 шақырымды құрайды. Оның бойында орналасқан шамамен 120 порт арқылы жыл сайын 115 млн тонна жүк тасымалдайды. Дүйсбургтегі әлемдегі ең үлкен ішкі порт және Дортмундтағы Еуропадағы ең үлкен канал порты да Солтүстік Рейн –Вестфалияда орналасқан және бұл федералдық жерінің теміржол желісі Германиядағы ең ұзын болып табылады.

24 мың компанияны құрайтын жергілікті логистикалық секторы ең перспективалы болып табылады және Германиядағы бүкіл логистикалық саланың айналымының шамамен үштен бірін құрайды.

Солтүстік Рейн – Вестфалияда Германия мен Еуропаның көптеген ғылыми-зерттеу институттары мен жетекші университеттері орналасқан, оның ішінде жыл сайын шамамен 770 мың студент оқитын 67 университет пен техникалық колледж, Фраунгофер қауымдастығының 14 институты, 12 Макс Планк институты және университеттер жанында 50-ден астам ғылыми-зерттеу институттары бар.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version