үй Әлем жаңалықтары Қазақстан – Эквадор: ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан – Эквадор: ынтымақтастық мәселелері талқыланды

11
0

468 Арман

Қазақстан – Эквадор: ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Эквадор Құрылыс және су өнеркәсібі палатасының Президенті Леопольдо Фернандо Окампо Андрадемен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты орнату және дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу болды. Елші Болат Нүсіпов Эквадор тарапын Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының негізгі басымдықтарымен, инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша мемлекет қабылдап жатқан шаралармен және әлеуетті инвесторларды қолдаудың жаңа құралдарымен таныстырды.

Палатаның әртүрлі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибесін ескере отырып, Палатаның мүшелері – Эквадор компаниялары Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтастыққа шақырылды. Эквадор тарапының суды тазарту технологиялары мен ауыз су өндіру саласындағы ынтымақтастыққа белгілі бір қызығушылық танытты.

Экономика және сауда саласындағы өзара мүдделерді ілгерілету, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында тараптар Китода Қазақстан Республикасының алғашқы Құрметті консулдығын ашу мәселесін пысықтауға келісті. Эквадор Қазақстанның Оңтүстік Америкадағы екінші ірі сауда серіктесі болып табылады.

Источник: dknews.kz