үй Әлем жаңалықтары Қазақстан Елшісі АҚШ-тың Қырғызстандағы Елшісімен кездесті

Қазақстан Елшісі АҚШ-тың Қырғызстандағы Елшісімен кездесті

10
0

291 Арман

Қазақстан Елшісі АҚШ-тың Қырғызстандағы Елшісімен кездесті

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Р.Жошыбаев Америка Құрама Штаттарының Қырғызстандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Л. Вигеримен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Елшісі АҚШ-тың Қырғызстандағы Елшісімен кездесті

Қазақстан Елшісі америкалық әріптесін тағайындалуымен құттықтап, сапары үшін алғысын білдіріп, жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Қазақстан Елшісі АҚШ-тың Қырғызстандағы Елшісімен кездесті

Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар, экономикалық өзгерістер мен елді жаңғыртудың негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы хабардар етті.

Тараптар Қазақстан Республика мен Америка Құрама Штаттары арасындағы достық, әріптестік қарым-қатынастарды дамытуға өзара мүдделілікті атап өтті, Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары қызметін атқарған Л.Вигери Қырғызстанға қазіргі тағайындалғанға дейін Астанада өткен «С5+1» форматындағы кезекті министрлік кездесуінің қорытындысы бойынша жақсы пікірлер туралы айтып, Қазақстанның осы үдерістегі рөлін атап өтті.

Кездесу жылы, достық атмосферада өтті. Тараптар жұмыс байланыстарын одан әрі қолдауға келісті.

Источник: dknews.kz