үй Әлем жаңалықтары Қазақстан Елшісі Албания Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Албания Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

0

490 Awrora

Қазақстанның Албаниядағы Елшісі қызметін қоса атқаратын Еркебұлан Сәпиев Албания Президенті Байрам Бегайға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Салтанатты рәсім барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілектерін жеткізіп, Астана екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, оның ішінде екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға, сондай-ақ сауда-экономикалық, туризм, инвестициялық, транзит және көлік салаларындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ерекше көңіл бөлетінін жеткізді.

Өз кезегінде Б. Бегай Қазақстан Албанияның Орталық Азиядағы басты серіктесі екенін атап өтіп, өзара мүдделі барлық салаларда ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар,

Қазақстан Елшісін қызметке ресми кірісуімен құттықтап, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтуда табыс тіледі.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version