үй Әлем жаңалықтары Қазақстан Елшісі Босния мен Герцеговина Президиумының Төрайымына сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Босния мен Герцеговина Президиумының Төрайымына сенім грамоталарын тапсырды

17
0

224 rob

Қазақстан Елшісі Босния мен Герцеговина Президиумының Төрайымына сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның Босния мен Герцеговинадағы Елшісі қызметін қоса атқаратын Алтай Әбибуллаев Босния мен Герцеговина Президиумының Төрайымы Желке Цвияновичке сенім грамоталарын табыс етті Салтанатты іс-шара барысында екі елдің екіжақты және көпжақты ынтымақтастығының неғұрлым перспективалы бағыттары туралы жан-жақты пікір алмасу өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Елшісі Босния мен Герцеговина Президиумының Төрайымына сенім грамоталарын тапсырды

Елші Президиум басшысына Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық тың өзгерістерге шолу жасап, конституциялық референдум мен кезектен тыс президенттік сайлау қорытындыларының тарихи маңыздылығы жайлы баяндап берді. Ү.ж. 19 наурызда өткелі отырған парламенттік сайлау тұрғысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты елімізді жаңғыртудың жаңа серпінді белесіне көтеруге серпін беретіні атап өтілді. Қазақстан басшылығының екі елдің мемлекетаралық байланыстары мен прагматикалық өзара іс-қимылын тереңдетуге бағытталған дәйекті бағытына назар аударылды. Бұған Сараеводағы Қазақстанның Құрметті консулдығы мен Іскерлік ынтымақтастық қауымдастығының қызметі ықпал етуі тиіс.

Қазақстан Елшісі Босния мен Герцеговина Президиумының Төрайымына сенім грамоталарын тапсырды

Президиум Төрайымы Ж. Цвиянович Қазақстан Босния мен Герцеговинаның маңызды сыртқы саяси және экономикалық серіктесі болып табылатынын атап өтті. Ол Қазақстанға ресми сапармен келуге, сондай-ақ саяси диалогты жан-жақты дамытуға, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара байланыстар мен жобаларды жандандыруға ерекше қызығушылық білдірді. Ж. Цвиянович халқымызға және еліміздің президентіне ізгі тілектерін жеткізіп, ҚР Елшісіне екіжақты қарым-қатынастарды нығайту үшін табысты дипломатиялық миссия тіледі.

Источник: dknews.kz