үй Әлем жаңалықтары Қазақстан Елшісі Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

0

1345 Awrora

Қазақстан Республикасының Елшісі Еркін Ахинжанов Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамапосаға сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Салтанатты рәсім барысында Елші Е. Ахинжанов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, Астананың Преториямен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кеңейтуге, соның ішінде сауда-инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және өзге де салалардағы саяси диалог пен өзара іс-қимылды жандандыру арқылы мүдделілігін қуаттады.

Өз кезегінде, Президент С. Рамапоса өзара қызығушылық тудыратын барлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге дайын екенін білдірді, сондай-ақ Елшіні ресми қызметке кірісуімен құттықтап, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға табыс тіледі.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version