үй Әлем жаңалықтары Қазақстан Елшісінің «Vinća» ядролық ғылымдар институтына сапары Сербиямен ынтымақтастықта жаңа екпін беруге...

Қазақстан Елшісінің «Vinća» ядролық ғылымдар институтына сапары Сербиямен ынтымақтастықта жаңа екпін беруге бағытталған

8
0

288 Арман

Қазақстан Елшісінің «Vinća» ядролық ғылымдар институтына сапары Сербиямен ынтымақтастықта жаңа екпін беруге бағытталған

Елшіліктің ғылыми саладағы Сербиямен өзара іс-қимыл әлеуетін зерттеу жөніндегі қызметі шеңберінде Қазақстан Елшісі Мәди Атамқұлов Балқан аймағындағы ең көне және ірі «Vinća» ядролық ғылымдар институтына барып, оның директоры профессор Снежана Паиовичпен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Vinća» институты 1948 жылы іргелі жаратылыстану ғылымдарының-физика, химия және биологияның ең заманауи бағыттарын зерттеу жөніндегі ғылыми — зерттеу орталығы ретінде құрылды.

Қазақстан Елшісінің «Vinća» ядролық ғылымдар институтына сапары Сербиямен ынтымақтастықта жаңа екпін беруге бағытталған

Құрылғаннан кейін институтқа 1968 жылы аяқталған Мемлекеттік ядролық зерттеулер бағдарламасын жүзеге асыру міндеті жүктелді. Институт аралас (тек ядролық емес) тұжырымдама бойынша зерттеулерді жалғастырды. Бүгінгі таңда «Vinća» — көптеген ғылыми және техникалық-технологиялық пәндерді қамтитын көпсалалы ғылыми институт.

Қазақстан Елшісінің «Vinća» ядролық ғылымдар институтына сапары Сербиямен ынтымақтастықта жаңа екпін беруге бағытталған

Қазақстандық дипломат осы бірегей зерттеу мекемесінің құрылу тарихымен және практикалық тәжірибесімен танысты.

«Vinća» институтының әртүрлі бейінді ғылыми әлеуетін ескере отырып, Қазақстан Елшісі қазақстандық ғылыми орталықтармен және университеттермен бірлесіп жас ғалымдардың қолданбалы зерттеулері мен алмасу бағдарламаларын іске асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Кездесу барысында сұхбаттасушылар баламалы энергетиканы, атап айтқанда, жасыл сутекті қолдану саласындағы технологияларды зерттеу және ілгерілету саласында ынтымақтастық орнату перспективаларын талқылады.

Соңында Қазақстан Елшісі институттың кейбір зертханаларының қызметімен танысты.

Источник: dknews.kz