үй Әлем жаңалықтары Қазақстан Эстонияның цифрлық кеңістікті дамыту тәжірибесін зерттеуде

Қазақстан Эстонияның цифрлық кеңістікті дамыту тәжірибесін зерттеуде

10
0

629 Арман

Қазақстан Эстонияның цифрлық кеңістікті дамыту тәжірибесін зерттеуде

Эстонияға қазақстандық мемлекеттік органдар өкілдерінің делегациясы келді, оның құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кірді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сапар барысында қазақстандық тарап цифрлық деректерді басқару, электрондық үкіметті дамыту және мемлекеттік қызмет көрсету құрылымына цифрлық платформаларды енгізу саласындағы эстониялық тәжірибені зерделеуді жоспарлап отыр. Өз кезегінде эстон тарапына қазақстандық «Smart Data Ukimet» жобасы мен Қазақстанда әлеуметтік саланы дамытуға арналған аналитикалық шешімдерді енгізу тәжірибесі ұсынылады.

Қазақстан Эстонияның цифрлық кеңістікті дамыту тәжірибесін зерттеуде

Тәжірибе алмасу аясында делегация Эстония Республикасының Экономика және коммуникациялар министрлігінің, Эстонияның ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар қауымдастығының, Мемлекеттік ақпараттық жүйе департаментінің және бірқатар эстониялық IT-компаниялардың өкілдерімен жекелеген кездесулер өткізеді. Мұндай байланыстар тараптарға ортақ мүдделерді анықтауға және цифрлық индустрияны дамыту динамикасының соңғы үрдістері туралы өз пайымдарымен бөлісуге мүмкіндік береді.

Сапар соңғы жылдары айтарлықтай дамып келе жатқан IT саласындағы екіжақты диалогты нығайтады деп күтілуде, сондай-ақ 2021-2022 жылдары тараптар бес делегация сапарларымен алмасқанын атап өтуге болады, бұл цифрлық салада Қазақстан-Эстония ынтымақтастығын ілгерілетуге үлес қосты және бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жәрдемдесті.

Источник: dknews.kz