үй Әлем жаңалықтары Қазақстан ХВҚ мен ДБ көктемгі кездесулерінде әлемдік экономикадағы өз ұстанымын нығайтуда

Қазақстан ХВҚ мен ДБ көктемгі кездесулерінде әлемдік экономикадағы өз ұстанымын нығайтуда

0

839 Арман

2023 жылғы 12 – 17 сәуір аралығында кезеңде Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымованың басшылығымен Агенттік делегациясы АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен Халықаралық Валюта Қоры мен Дүниежүзілік Банктің Көктемгі кездесулеріне (IMF&WB Spring Meetings 2023) қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара барысында Халықаралық валюта қорының, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық қаржы корпорациясының, Италия Банкінің және рейтингтік агенттіктердің басшылығымен жоғары деңгейде кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында Қазақстандағы қаржы нарығын дамыту мен реттеудің өзекті мәселелері, стратегиялық әріптестермен ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ жаһандық экономиканың өзекті мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Қазынашылық өкілдерімен кездесулер өткізіліп, санкциялық саясаттың өзекті мәселелері талқыланды.

Халықаралық ұйымдардың өкілдері қаржы секторын нығайтуға және оның сыртқы әсерлерге орнықтылығын арттыруға бағытталған Қазақстанда жүргізілген реформалардың нәтижелерін оң бағалады.

ХВҚ және Дүниежүзілік банк өкілдерімен Қазақстан Республикасының қаржы секторын бағалау бағдарламасы (Kazakhstan Financial Sector Assessment Program), қаржылық реттеу және тәуекелдерді бақылау саласындағы тәсілдерді жетілдіру бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, сондай-ақ қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесіндегі іс-қимыл қадағалау және қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау мәселелері қаралды.

Агенттік Төрағасы Қазақстандағы қаржылық тұрақтылықты нығайту және қаржы нарығын дамыту бойынша халықаралық әріптестермен жұмысты жалғастыруға дайын екенін білдірді.

IMF&WB Spring Meetings 2023 іс-шарасы ХВҚ, Дүниежүзілік банк, әлемнің әр түрлі елдерінің орталық банктері мен министрліктерінің басшылары және сарапшылары арасындағы экономикалық, қаржылық және әлеуметтік мәселелерді талқылауға арналған жыл сайынғы алаң болып табылады. Іс-шара шеңберінде ағымдағы экономикалық және қаржылық сын-қатерлер талқыланады, сондай-ақ оларды шешу үшін ұсынымдар әзірленеді.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version