үй Әлем жаңалықтары Қазақстан-Иордания: дипломатиялық қатынастарға 30 жыл

Қазақстан-Иордания: дипломатиялық қатынастарға 30 жыл

17
0

312 rob

Қазақстан-Иордания: дипломатиялық қатынастарға 30 жыл

Қазақстан Елшісі Айдарбек Тұматов Иордания Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Лина әл-Хадидке ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иордания Королі Абдалла II-ге арналған екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау хатын табыс етті, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Тарихи тұрғыдан осындай қысқа мерзім ішінде дәстүрлі достыққа негізделген ықпалдастығымыз екпінді түрде дамып, берік әрі сенімді әріптестікке айналғанын ерекше қуанышпен атап өтемін» Қасым-Жомарт Тоқаев

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан Елшісі мен Бас хатшы екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың және елдер арасындағы көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысына дайындық барысы қарастырылды. Әңгімелесу қорытындысы бойынша Астана мен Амманның екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігі аталып өтті.

Источник: dknews.kz