үй Әлем жаңалықтары Қазақстан және Армения Еңбек министрліктері арасында онлайн кездесу өтті

Қазақстан және Армения Еңбек министрліктері арасында онлайн кездесу өтті

7
0

186 Арман

Қазақстан және Армения Еңбек министрліктері арасында онлайн кездесу өтті

Қазақстан Елшілігінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен Армения Республикасының Еңбек және әлеуметтік мәселелер министрлігі арасында онлайн-кездесу өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан және Армения Еңбек министрліктері арасында онлайн кездесу өтті

Әңгіме барысында тараптар еңбек және әлеуметтік салалардағы қазақстан-армян ынтымақтастық мәселелерімен, өзара іс-қимылды жандандыруға қызығушылық білдіріп, қолда бар үлкен әлеует пен перспективалары атап өтілді. Осыған байланысты 2021 жылғы 26 мамырдағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-армян үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысының, сондай-ақ 2023 жылғы 27-28 сәуірде Ереванда өтетін ҮАК 9-шы отырысының хаттамасын орындау мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен АР Еңбек және әлеуметтік мәселелер министрлігі арасындағы әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастық ниеттері туралы меморандумға қол қоюға дайын екендігі айтылды.

Источник: dknews.kz