үй Әлем жаңалықтары Қазақстан және Эфиопия СІМ жанындағы сыртқы саяси зерттеулер институттары ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Қазақстан және Эфиопия СІМ жанындағы сыртқы саяси зерттеулер институттары ынтымақтастықты дамытуға ниетті

12
0

846 rob

Қазақстан және Эфиопия СІМ жанындағы сыртқы саяси зерттеулер институттары ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының (ССЗИ) және Эфиопия Сыртқы істер министрлігі Сыртқы істер институтының (СІИ) өкілдері арасында бейнеконференция форматында кездесу өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандық делегацияны ССЗИ Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев басқарды, Эфиопия тарапынан СІМ Сыртқы істер институтының Атқарушы директоры Десален Амба Белете делегацияның басшысы болды.

Жаһандық және өңірлік проблемалар бойынша өзара іс-қимыл географиясын кеңейте отырып Эфиопия СІМ Сыртқы істер институты ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының тікелей байланыстар орнатылған Африканың алғашқы ғылыми-зерттеу әріптесі болып табылады.

Қазақстан және Эфиопия СІМ жанындағы сыртқы саяси зерттеулер институттары ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Кездесу барысында сарапшылар халықаралық қауіпсіздік, орнықты даму, өңірлік ынтымақтастық саласындағы ахуалға пікір алмасып, баға берді. Олар БҰҰ-ның халықаралық қауіпсіздік және орнықты даму мақсаттарын ілгерілету мәселелеріндегі басты рөлін нығайту қажеттілігі туралы келісті. Шекараларды делимитациялау, су ресурстарын әділ бөлу, экологиялық мәселелерді шешу, заңсыз көші-қон, азық-түлік қауіпсіздігі, шөлейттену және құрғақшылық секілді трансшекаралық мәселелерге ерекше назар аударылды. Қатысушылардың пікірінше, Қазақстан мен Эфиопияның ұқсастықтары көп, оның ішінде – сыртқы саясаттағы көпвекторлы және теңгерімді көзқарас, өңірлік сын-қатерлер мен қауіптердің ұқсастығы, қоғамның көпэтностығы және көпконфессионалдылығы, ашық теңізге шығудың болмауы және т.б.

Сарапшылар өзекті халықаралық мәселелер бойынша бірлескен зерттеулерді жүзеге асыруға, ақпарат алмасуға, конференциялар мен семинарлар ұйымдастыруға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Қазақстан және Эфиопия СІМ жанындағы сыртқы саяси зерттеулер институттары ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Сонымен қатар, қатысушылар екі елдің сыртқы саяси басымдықтарын және қалыптасып жатқан жағдайда екіжақты қатынастарды дамыту перспективаларын талқылады.

Б. Нұрғалиев елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынасты, сондай-ақ мемлекет басшыларының өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға деген ұмтылысын жоғары бағалады. Ол қазіргі жағдайдағы қазақстандық көпвекторлы сыртқы саясаттың ерекшеліктеріне, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру жөніндегі бастамасына егжей-тегжейлі тоқталып, осы бастаманы қолдаған Эфиопияның Африка бағытындағы қазақстандық көпвекторлы сыртқы саясат үшін ерекше маңыздылығын атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстан Эфиопия тәрізді интеграцияның жарқын жақтаушысы болып табылады және «Африка проблемаларына арналған африкалық шешімдер» қағидаттары «Орталық Азия үшін орталық азиялық шешімдері» тәсілдерімен және ОА-дағы өңірлік интеграциялық саясатпен сәйкес келуде. Б.Нұрғалиев Эфиопия үкіметін 2022 жылғы қарашада Тыграй бойынша бейбіт келісімге қол жеткізуімен құттықтап, оның барлық ережелерін табысты іске асыруды тіледі.

Д. Амба Белете өз кезегінде Қазақстан мен Эфиопияның халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, орнықты даму, халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларына бейілділік, сыртқы саясаттағы көпвекторлық және тәуелсіздік, көпэтникалық және көпконфессиялы қоғамда төзімді және тең құқылы орта құру мәселелерін шешудегі ұстанымдарының ұқсастығын атап өтті.

Эфиопиялық сарапшы Қазақстанда болып жатқан саяси жүйені демократияландыру бағытындағы ауқымды өзгерістерді жоғары бағалады және мемлекеттік басқару, цифрлық дипломатия және зерттеулерді ұйымдастыру саласында тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі институт арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойып, оны одан әрі іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарын әзірлеуге және қабылдауға келісті. Институт басшылары екі елдің өзара іс-қимылын кеңейту бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу үшін сыртқы саяси ведомстволардың талдамалық құрылымдары арасында ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Африка одағының астанасы, Африканың екінші ірі экономикасы, теңізге шыға алмайтын ең ірі ел бола отырып, Эфиопия халықаралық аренада ҚР көпжақты мүдделері үшін маңызды мәнге ие.

Эфиопия СІМ Сыртқы істер институты (IFA) Африка мүйізі аймағындағы мемлекеттік даму, сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселелері бойынша жетекші сараптамалық орталықтардың бірі болып табылады. Институт Эфиопия Үкіметіне аймақ пен Африка континенті бойынша сыртқы саясат саласында зерттеулер жүргізеді және нақты ұсыныстар жасайды. IFA сонымен қатар Эфиопия Сыртқы істер министрлігінің орта және жоғары дипломатиялық құрамы үшін үздіксіз біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.

Источник: dknews.kz