үй Әлем жаңалықтары Қазақстан және Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасының қоры ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан және Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасының қоры ынтымақтастықты дамытуда

10
0

636 Awrora

Қазақстан және Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасының қоры ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш ұйымның штаб-пәтерінде Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Гюнай Эфендиевамен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қонақты қарсы алған Қор президенті Қ. Тумышты Қазақстанда аталып өтілетін Алғыс айту күнімен құттықтады.

Кездесу барысында Г. Эфендиева қор қызметі туралы, түркі халықтарының сан ғасырлық тарихы мен бай мәдениетін насихаттау мақсатында әлемнің түрлі елдерінде өткізіліп жатқан және жоспарланып отырған шаралар туралы айтты. Сонымен қатар ол түркі әлемінің көне мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.

Қазақстан және Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасының қоры ынтымақтастықты дамытуда

Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының атқарған жұмысын жоғары бағалай отырып, Қ. Тумыш ұйымның түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан ерекше үлесін атап өтті. Ол сондай-ақ Қор жүзеге асыратын алдағы жобаларға Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсететініне сенім білдірді.

Кездесуде Қордың қызмет еткен жылдарында түркі елдерімен ғана емес, әлемнің түрлі елдерімен әріптестік байланыстардың болғаны сөз болды, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді. Тараптар биыл Қазақстанда өтуі жоспарланған Түркі мемлекеттері ұйымының X Саммитінің түркі елдерінің интеграциясы үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Сонымен бірге, биыл Әзербайжанның ұлы перзенті Гейдар Әлиевтің 100 жылдығы, түркі сопылық тармағының негізін қалаушы Ахмет Қожа Ясауидің 930 жылдығы, атақты түркі билеушісі Байбарыс Сұлтанның 800 жылдығы сияқты атаулы мерейтойлар салтанатты түрде атап өтетіні баса айтылды.

Қазақстан және Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасының қоры ынтымақтастықты дамытуда

Сонымен қатар, кездесуде Қазақстан, ұйымға мүше елдер мен бақылаушылар арасында мәдениет саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары талқыланды.

Источник: dknews.kz