үй Әлем жаңалықтары Қазақстан және Түркия: ғылым мен білімдегі жаңа көкжиектер

Қазақстан және Түркия: ғылым мен білімдегі жаңа көкжиектер

11
0

949 Арман

Қазақстан және Түркия: ғылым мен білімдегі жаңа көкжиектер

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жүздесуде оқу орнының басшысы Жансейіт Түймебаев бауырлас елдер арасындағы өзара тығыз ынтымақтастыққа тоқталды. Биылғы жылы Түркия елінде орын алған жойқын зілзала кезінде ҚазҰУ ұжымы жедел штаб құрып, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жөнелтті. Сонымен қатар бүгінде Түркия жоғары оқу орындары және институттарымен ғылым, жоғары білім және мәдени тығыз байланыс орнады. Атап айтқанда, Ыстамбұл, Йедитепе, Анкара, Мимар Синан сынды 45 жетекші жоғары оқу орнымен әріптестік жолға қойылған. «Мевлана» халықаралық бағдарламасы аясында Түркия университеттерімен 31 ынтымақтастық туралы келісім бар.

Қазақстан және Түркия: ғылым мен білімдегі жаңа көкжиектер

«2022 жылы Ыстамбұл университетінде ҚазҰУ филиалы ашылды. Университетте 1996 жылдан бері ТҮРКСОЙ кафедрасы табысты жұмыс істеп келеді. Биыл ҚазҰУ-дың медицина, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру, география және табиғатты пайдалану, заң факультеттері мен Экономика және бизнес жоғары мектебінде түркиялық 82 студент білім алуда. Сонымен қатар туыстас елде орын алған зілзаладан кейін біз түрік студенттеріне және алдағы уақытта оқуға түсушілерге арнайы жеңілдік жасадық» Жансейіт Түймебаев

Қазақстан және Түркия: ғылым мен білімдегі жаңа көкжиектер

Мәртебелі мейман өз кезегінде QS әлемдік үздік университеттер рейтингіндегі ҚазҰУ жетістіктерін ерекше атап өтіп, сәттілік тіледі. Ел басына түскен қиын кезеңдегі қолдау үшін университет ұжымына алғысын жеткізді. ҚазҰУ-дың 115 мың доллар көлемде көрсеткен елеулі көмегін атап өтіп, әсіресе киіз үйлердің Хатайдағы халыққа көп шарапаты тиіп жатқанын жеткізді. Өз сөзінде елші екі ел Президенттерінің ынтымақтастық бастамаларын жалғап, жаңа бағдарламаларды бірлесіп жүзеге асыруды ұсынды.

Қазақстан және Түркия: ғылым мен білімдегі жаңа көкжиектер

Қазақстан және Түркия: ғылым мен білімдегі жаңа көкжиектер

Қазақстан және Түркия: ғылым мен білімдегі жаңа көкжиектер

Қазақстан және Түркия: ғылым мен білімдегі жаңа көкжиектер

Сондай-ақ тараптар түркі халықтарының ортақ тарихы мәселелерін сөз етіп, өзара ықпалдастықтың жаңа бағыттарын дамытуға уағдаласты.

Источник: dknews.kz