үй Әлем жаңалықтары Қазақстан Жапонияның ДСҰ-дағы сауда саясатын шолу іс-шарасына қатысты

Қазақстан Жапонияның ДСҰ-дағы сауда саясатын шолу іс-шарасына қатысты

12
0

777 Awrora

Қазақстан Жапонияның ДСҰ-дағы сауда саясатын шолу іс-шарасына қатысты

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) және Халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжан Жапонияның  ДСҰ-дағы сауда саясатына он бесінші шолу барысында сөз сөйледі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өз сөзінде Тұрақты өкіл Ж. Айтжан Қазақстан мен Жапония арасындағы тығыз экономикалық байланыстарға ерекше назар аударды. Атап айтқанда, ол біздің елдеріміз арасындағы өзара тауар айналымының тұрақты өсімін, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 1.9 млрд. АҚШ долларын құрағанын, 2021 жылмен салыстырғанда 70%-ға өскенін атап өтті.

Сонымен қатар, Тұрақты өкіл Жапонияның жаңа цифрлық нарықты, инновациялық экожүйені құруға, қоршаған ортаның жаһандық сын-қатерлеріне жауап ретінде бизнес-ортаның дамуын жеделдетуге бағытталған өршіл және негізгі сауда-экономикалық реформаларын жоғары бағалады.

Қазақстан өкілі сондай-ақ ДСҰ-ға мүше елдердің назарын ауыл шаруашылығы, электрондық сауда, инвестицияларға жәрдемдесу, қызмет көрсету саласындағы ішкі реттеу, шағын және орта кәсіпорындардың саудаға қатысуы үшін кедергілерді жою және т. б. жөніндегі Ұйымның келіссөздеріне Жапонияның белсенді және сындарлы қатысуына аударды.

Сонымен қатар, Тұрақты өкіл Ж. Айтжан бәсекеге қабілеттілікті арттыру және елдің сауда режимін нығайту мақсатында ауыл шаруашылығын ырықтандыру мәселелерін қоса алғанда, Жапония қолданатын кейбір сауда шараларын жақсарту бойынша нақты ұсынымдар ұсынды.

Жалпы, іс-шара барысында ДСҰ-ға мүше 40-тан астам елдің делегацияларының басшылары сөз сөйледі, бұл Ұйым шеңберіндегі сауда саясатын мониторингтеу мен шолудың маңыздылығын көрсетеді.

Жапония Қазақстан экономикасындағы ең ірі 10 инвестордың қатарына кіреді, оның үлесіне соңғы отыз жылда шамамен 8 млрд. АҚШ долл. тиесілі. Қазақстанда жапон капиталы бар 60-тан астам кәсіпорын, соның ішінде Inpex, Sumitomo және Marubeni сияқты жетекші корпорациялар табысты жұмыс істеуде.

Источник: dknews.kz