253 Арман
2023 жылғы 6 сәуірде Қазақстанның Латвиядағы Елшісі Тимур Примбетов Юрмала қалалық Думасының төрағасы Рита Спрогемен кездесті. Кездесуге сондай-ақ Дума төрағасының орынбасары Янис Лединьш және Балтық-Қазақстан экономикалық даму қауымдастығының басшысы Александр Видякин қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Тараптар Қазақстан-Латвия қатынастарының жай-күйі мен даму перспективаларын жан-жақты талқылап, Қазақстан мен Латвия арасындағы ынтымақтастық екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша сындарлы және үдемелі сипатқа ие екенін атап өтті.
Юрмала – бай және жан-жақты мәдениеті бар Балтық теңізінің жағалауындағы ең ірі және әйгілі курорттық қала екенін ескере отырып, кездесуде мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, туризм саласындағы өзара іс-қимыл, шипажайлық-курорттық емдеу мен демалыс мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жақын арада ынтымақтастықтың жоғарыда аталған салаларында өзара тиімді байланыстар орнату бойынша нақты ұсыныстармен алмасуға келісті.
Источник: dknews.kz