үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 100% артты

Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 100% артты

29
0

303 Арман

Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 100% артты

Армения астанасында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен Армения Республикасының Вице-Премьері Мгер Григорянның төрағалығымен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Армения үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 9-шы отырысы өтіп, екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту және тереңдету мәселелері талқыланды. Тараптар өзара тауар айналымының айтарлықтай ұлғайғаны жөнінде және 2022 жылдың қорытындысы бойынша 100%, ал 2023 жылдың 2 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 81,8% өскенін айтты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мақсатында армян тарапы мүдделі қазақстандық компанияларды Армения аумағында өткізілетін тендерлерге, сондай-ақ Гюмри қаласында логистикалық орталық (dry port) құру жобасына қатысуға шақырып, Қазақстаннан келген ұйымдардың Армения аумағындағы құрылыс жұмыстарына қатысу мүмкіндігін атап өтті. Өз кезегінде, қазақстандық тарап серіктестерді металлургия, мұнай-химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өндірісінің тауарларын қоса алғанда, шикізаттық және дайын әртүрлілік өнімдерді ҚР-нан АР-на экспорттау мүмкіндігі жайында хабардар етті.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар екі елдің аумағындағы компаниялар мен іскер топтардың қызметіне жәрдемдесу, бірлескен кәсіпорындар құру, Қазақстан мен Армения аумақтарында шаруашылық жүргізуші субъектілердің өкілдіктері мен филиалдарын ашу, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, экспортты ілгерілету және инвестициялар тарту туралы келісті. Сондай-ақ, IT-саладағы, мәдени алмасу, туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, атап айтқанда, Армения мен Қазақстан арасындағы тікелей рейстер санын ұлғайту және Астана мен Ереван арасында қосымша авиарейстер ашу мүмкіндігі туралы мәселелер талқыланды. Қол жеткізілген уағдаластықтар қол қойылған ҮАК бірлескен хаттамасында бекітілді.

Сондай-ақ, отырыс шеңберінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен АР Еңбек және әлеуметтік мәселелер министрлігі арасындағы әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастық ниеттері туралы меморандумға және ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен АР Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігі арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

Источник: dknews.kz