үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Аустрия екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға мүдделі

Қазақстан мен Аустрия екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға мүдделі

0

285 rob

Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Әлибек Бақаев Аустрия Федералдық Президентінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Г. Фогльмен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Әңгімелесу барысында Ә. Бақаев сұхбаттасушыны елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың, сондай-ақ 2023 жылғы наурыз айында өтетін кезектен тыс парламенттік сайлау туралы хабардар етті. Бұл тұрғыда Қазақстан өз дамуының жаңа дәуіріне қадам басқандығы, елімізде серпінді және жан-жақты жаңарту процесі жүріп жатқаны атап өтілді. ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлау қоғамдағы өзгерістерді бейнелейді және саяси жүйемізді одан әрі модернизациялауға қуатты серпін береді. Сайлауға байқаушы ретінде Аустрия өкілдері, оның ішінде ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы желісі бойынша байқаушылардың қатысуы күтілуде.

Сонымен бірге тараптар Қазақстан-Аустрия қатынастарының жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Осыған байланысты мемлекеттеріміз арасындағы екіжақты байланыстарды кеңейтуге және тереңдетуге жаңа серпін беретін аса жоғары деңгейдегі өзара сапарлардың маңыздылығы назарға алынды.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version