үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен БҰҰ дипломаттары Қырғызстандағы стратегиялық мақсаттарды талқылады

Қазақстан мен БҰҰ дипломаттары Қырғызстандағы стратегиялық мақсаттарды талқылады

12
0

236 Арман

Қазақстан мен БҰҰ дипломаттары Қырғызстандағы стратегиялық мақсаттарды талқылады

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаев Қырғызстандағы орнықты даму мақсатында БҰҰ-ның 2023-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі жаңа негіздемелік бағдарламасы шеңберінде БҰҰ-ның Қырғыз Республикасындағы қызметінің тұсаукесеріне арналған отырысқа қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан мен БҰҰ дипломаттары Қырғызстандағы стратегиялық мақсаттарды талқылады

Қырғызстандағы БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі Антье Граве өзінің құттықтау сөзінде БҰҰ-ға мүше барлық елдердің өңірдегі орнықты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асырудағы күш-жігерін шоғырландыру, БҰҰ-ның Қырғызстан сияқты мұқтаж елдерге тиімділігін арттыруды және пәрменді қолдауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Қазақстан мен БҰҰ дипломаттары Қырғызстандағы стратегиялық мақсаттарды талқылады

Бұл бағдарлама Қырғызстандағы БҰҰ жүйесін дамыту бағдарламаларын жоспарлау мен іске асырудың негізгі стратегиялық құжаты және БҰҰ жүйесін реформалаудың орталық элементтерінің бірі болып табылады.

Қазақстан мен БҰҰ дипломаттары Қырғызстандағы стратегиялық мақсаттарды талқылады

Бағдарлама, ең алдымен, Қырғыз Республикасының даму басымдықтарын ескереді және елдің орнықты даму саласындағы негізгі қажеттіліктерін қолдау шараларын іске асыруға бағытталған.

Қазақстан мен БҰҰ дипломаттары Қырғызстандағы стратегиялық мақсаттарды талқылады

Бағдарламаның негізгі басым бағыттары келесіні болып табылады:

  1. Сапалы әлеуметтік қызметтерге (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау) және лайықты жұмысқа тең қол жеткізу.
  2. Инклюзивті жасыл әлеуметтік-экономикалық даму.
  3. Климаттың өзгеруіне қарсы күрес, апаттар қаупін басқару және қоршаған ортаны қорғау саласындағы инклюзивті тәсілдер.
  4. Бейбітшілік, келісім және адам құқықтары үшін әділ, есеп беретін және инклюзивті институттар мен азаматтық қоғам.

Талқылау барысында кездесуге қатысқан дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары БҰҰ-ның негіздемелік бағдарламасының маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ көптеген халықаралық ұйымдар мен агенттіктердің, сондай-ақ ҮЕҰ жұмысының қайталануына жол бермеу мақсатында ұйымның Қырғызстандағы қызметін қайта форматтау қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде, кездесуде сөз сөйлеген Елші Р.Жошыбаев әріптестеріне Қазақстандағы БҰҰ желісі бойынша осындай жобалардың табысты іске асырылуы және әсіресе цифрландыру саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы хабардар етіп, БҰҰ кеңсесінің Қырғызстан мемлекеттік органдарымен және дипломаттармен елдің тұрақты дамуы үшін тиімді ынтымақтастығына сенім білдірді.

Источник: dknews.kz