үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Беларусь әскери топографтары тәжірибе алмасты

Қазақстан мен Беларусь әскери топографтары тәжірибе алмасты

9
0

992 Awrora

Қазақстан мен Беларусь әскери топографтары тәжірибе алмасты

Астанада әскери топография, геодезия, картография және навигация мәселелері бойынша Қазақстан мен Беларусь қорғаныс ведомстволарының қызметтері арасында жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Екі күн бойы әріптестер жергілікті жер туралы және картографиялық, әскерлерді жауынгерлік қамтамасыз ету жүйесінде білімді іс жүзінде қолдану туралы ақпарат беру саласында тәжірибе алмасты. Тараптар одан басқа басқару органдарының шешімін қабылдауды қолдау жүйесіне арнайы техника мен геоақпараттық технологиялардың перспективалық үлгілерін жобалау, құру және енгізу мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Беларусь әскери топографтары тәжірибе алмасты

Беларусь армиясының атынан Қарулы күштердің навигациялық-топографиялық қызметінің бастығы – РБ ҚК Бас штабының навигациялық-топографиялық басқармасының бастығы полковник Алексей Баканов қазақстандық тараптың шақыруымен келгенін атап өтті.

– Жұмыс кездесуі барысында біз әскерлерді жергілікті жер туралы заманауи ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібінің мәселелерін қарастырдық, жергілікті жер туралы ақпаратты қамтамасыз ету және жасау бойынша бағдарламалық аппараттық құралдардың қалай қолданылатынын талқыладық, – дейді ҚР ҚК Бас штабының Геоақпараттық қамтамасыз ету департаментінің бастығы полковник Серік Жолдыбаев. – Шара алғаш рет Қазақстан аумағында өтіп отыр. Мұндай өзара іс-қимыл осындай қызметті дамыту үшін нәтижесін береді деп ойлаймын.

Қазақстан мен Беларусь әскери топографтары тәжірибе алмасты

Беларусь делегациясы Тұңғыш Президент атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде болды. «Қазақстан Ғарыш Сапары «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында беларусь елінен келген қонақтарға Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесі көрсетілді. Ал Astana IT University делегация мүшелеріне Қазақстан Республикасында геоақпараттық қамтамасыз ету кадрларын даярлаудың оқу процесін көрсетті.

Қазақстан мен Беларусь әскери топографтары тәжірибе алмасты

Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығында беларусь әскерилері Қазақстан Республикасындағы топографиялық-геодезиялық және картографиялық өніммен танысты.

Источник: dknews.kz