үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Бразилия толерантты қоғам құруда қатар жүреді

Қазақстан мен Бразилия толерантты қоғам құруда қатар жүреді

30
0

426 Арман

Қазақстан мен Бразилия толерантты қоғам құруда қатар жүреді

«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің маңызы және оның Декларациясы» атты халықаралық дөңгелек үстел аясында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаевтың Бразилия планетарлық одағының негізін қалаушы, «Қазақстан-Бразилия» Достық форумының Президенті Улиссис Ридельмен кездесуі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан мен Бразилия толерантты қоғам құруда қатар жүреді

Келіссөздер барысында тараптар бір-бірін өз ұйымдары қызметінің негізгі бағыттарымен және екі елдің толерантты қоғам мен конфессияаралық диалог құру жөніндегі тәжірибесімен таныстырды. Қазақстанның бастамасына – Бразилия үш рет қатысқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезіне ерекше назар аударылды. Осыған орай, Болат Сәрсенбаев өткен қыркүйекте өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысқаны үшін Бразилия тарапына алғысын білдірді.

Қазақстан мен Бразилия толерантты қоғам құруда қатар жүреді

Кездесу қорытындысы бойынша Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы мен Бразилияның Планетарлық одағы арасында толерантты қоғам құру ісіндегі екі ұйым қызметінің негізгі бағыттарын және конфессияаралық диалогты нығайту жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Қазақстан мен Бразилия толерантты қоғам құруда қатар жүреді

Екіжақты ынтымақтастықты жолға қою туралы уағдаластыққа 2023 жылғы 18 қаңтарда Болат Сәрсенбаев, Улиссис Ридель және Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіповтың қатысуымен онлайн кездесу барысында қол жеткізілді.

Қазақстан мен Бразилия толерантты қоғам құруда қатар жүреді

Жалпы, Ыстамбұлдағы дөңгелек үстел Әлемнің тұрақты дамуына қол жеткізудегі діни көшбасшылардың рөліне, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің қорытындыларына арналды. Іс-шараға Түркия, Катар, Бразилия, АҚШ, БАӘ, Иордания, Пәкістан, Ватикан, Үндістан және Өзбекстан сияқты елдердің діни және рухани көшбасшылары қатысты.

Қазақстан мен Бразилия толерантты қоғам құруда қатар жүреді

Қазақстан мен Бразилия толерантты қоғам құруда қатар жүреді

Биыл Қазақстан мен Бразилия дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады.

Источник: dknews.kz