үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Челябі облысы экономикалық байланыстарды нығайтуда

Қазақстан мен Челябі облысы экономикалық байланыстарды нығайтуда

13
0

502 Арман

Қазақстан мен Челябі облысы экономикалық байланыстарды нығайтуда

Фотосурет: Марина Власова

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаевтың Челябі облысына жұмыс сапары өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан мен Челябі облысы экономикалық байланыстарды нығайтуда

Облыс губернаторы Алексей Текслермен кездесу барысында өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелері талқыланды.

Қазақстан мен Челябі облысы экономикалық байланыстарды нығайтуда

Тараптар өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін үлкен әлеует бар екенін мәлімдеді. Челябі облысының экспорты мен импортындағы Қазақстанның үлесі 25 пайызды құрайды. Ресей Федерациясының барлық субъектілерінің ішінде облыс Қазақстанға өз өнімдерін экспорттау бойынша Мәскеу мен Мәскеу облысынан кейін үшінші орында. Сонымен қатар, географиялық көршілік өзара көліктік-транзиттік әлеуетті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Қазақстан мен Челябі облысы экономикалық байланыстарды нығайтуда

Кездесуге қатысушылар өңіраралық байланыстар шеңберінде, атап айтқанда, инвестициялық салада және өнеркәсіптік кооперация шеңберінде неғұрлым перспективалы бағыттар бойынша өзара іс-қимылды дәйекті түрде дамытуға келісті. Осы мақсатта Ермек Көшербаев Челябі облысының іскер топтарын Астанада өтетін «Kazakhstan Industry week» (10-12 мамыр) және «Иннопром Қазақстан» (26-27 қыркүйек) көрмелеріне қатысуға шақырды.

Қазақстан мен Челябі облысы экономикалық байланыстарды нығайтуда

Қазақстан мен Челябі облысы экономикалық байланыстарды нығайтуда

Сондай-ақ сапар барысында Елші Челябі облысындағы бірқатар кәсіпорындарды аралап, жергілікті қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті. Ең алдымен қазақ тілін үйренуге қатысты отандастарды толғандыратын өзекті мәселелер, бірлескен гуманитарлық жобалар қозғалды.

Источник: dknews.kz