5335
Фотосурет: Gov
Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Қайрат Лама Шариф Мысырдың жаңадан тағайындалған Қаржы министрі Ахмед Ашраф Али Кужукпен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Кездесуде тараптар ағымдағы экономикалық және қаржылық ахуалды, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін екі ел үкіметтері жүргізіп жатқан реформалар мен қабылдап жатқан шараларды талқылады.
Қ. Лама Шариф Қазақстан экономикасының өсу қарқынының жалғасуы және оның ағымдағы жылдың соңғы 9 айында 3,7%-ға дейін жеделдетілгені туралы айтты. Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы кешенді модернизациялау бойынша жүргізіп отырған жүйелі саясатының нәтижесінде «Moody’s» рейтингтік агенттігі Қазақстанның егеменді рейтингін тұрақты болжаммен «Baa1» деңгейіне дейін көтергенін атап өтті. Берілген рейтинг ел тәуелсіздігінен бергі кезеңдегі ең жоғары көрсеткіш және институционалдық ортаның үздіксіз жақсаруын және экономиканы әртараптандыру қарқынының тұрақтылығын растайды. Елші сұхбаттасын Үкіметтің бюджет саясатының тиімділігін арттыру, салық заңнамасын жетілдіру, инвестициялық тартымдылықты арттыру және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жұмысы туралы хабардар етті.
Кездесу барысында қосарланған салық салуды болдырмау және табыс салығына қатысты салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Қазақстан-Мысыр үкіметаралық конвенциясына қол қоюға дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды. Тараптар бірауыздан бұл құжатқа қол қою инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау және салықтан жалтаруға жол бермеу арқылы екі елдің экономикалық ынтымақтастығын нығайтып кеңейтеді, іскерлік байланыстарды тереңдетуге ықпал етеді деген пікірде болды.
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) аясындағы екіжақты ынтымақтастығының келешегі аталып өтті. Осы тұрғыда қазақ дипломаты сұхбаттасқа Африка континентіндегі бірқатар мысырлық компаниялар АХҚО-да тіркелгенін, бұл Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін жасалған қолайлы климаттың қосымша дәлелі екенін хабарлады.
Министр мемлекет басшылығымен сауда-экономикалық және қаржылық салаларда жүргізілген реформаларды құптады, сондай-ақ Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, соның ішінде Қазақстан-Мысыр шарттық-құқықтық базаны жетілдіруге, қаржы көлемін мен екі елдің инвестициялық белсенділігін арттыруға дайын екенін растады.
Источник: dknews.kz