үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Эстония білім және IT-технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Эстония білім және IT-технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

0

516 Арман

Қазақстан-Британ техникалық университетінің делегациясы Эстонияда болып, Таллинн технологиялық университетінің (TalTech) басшылығымен, эстондық ғылыми-техникалық ұйымдардың және біліктілік орталықтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Эстония тарапы делегацияны IT мамандарын даярлау және осы саладағы ғылыми қызметті ретке келтіру үдерістерімен таныстырды. Сонымен қатар тараптар IT-саласында академиялық ортаны қалыптастыру, цифрлық стартаптарды құру және инновациялық білім беруді дамыту бойынша тәжірибе алмасты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сапар қорытындысы бойынша Қазақстан-Британ техникалық университеті мен TalTech арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, ол одан әрі бірлескен жобаларды іске асыруды, студенттермен және тәжірибемен алмасуды, сондай-ақ академиялық зерттеулерді көздейді.

Бұл сапар IT саласындағы екі елдің оқу орындары арасындағы байланыстарды жандандыру үрдісін нығайтты. 2022 жылы Астана IT университеті Таллинн технологиялық (TalTech) және Таллинн университеттерімен ынтымақтастық орнатып, олармен бірлескен студент алмасу бағдарламаларын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Сол жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жүйесіндегі қазақстандық мектептердің өкілдері білім беру саласындағы эстониялық тәжірибемен танысты.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version