үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Эстония көлік-транзиті саласында халықаралық дәлізді дамытуға мүдделі

Қазақстан мен Эстония көлік-транзиті саласында халықаралық дәлізді дамытуға мүдделі

0

287 rob

Эстония мемлекетінің Экономика және коммуникациялар министрлігінің вице-канцлері Каупо Ляанерандтың елімізге ресми іссапары аясында Қазақстан-Эстония жұмыс тобының 2-ші отырысы өткізіліп, екі елдің арасындағы көлік және көлік-транзитінің әлеуетін арттыру, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы әріптестік байланысты нығайтудың жолдары талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Екі елдің ресми өкілдері Қазақстан мен Эстонияның көлік-транзиті бағытындағы ынтымақтастығын арттыруда теміржол тасымалының маңызы зор екенін атап өтті.

Бұл ретте Балтық жағалауынан келген делегаттар Эстонияның теңіз академиясы Қазақстанның студенттерін оқытуға дайын екендерін жеткізді. Бұдан бөлек аталған кездесуде екі елдің көлік жүйелері мен желілеріне, сондай-ақ осы саланы реттеуге байланысты тың ақпараттар айтылды.

Сонымен қатар Қазақстан мен Эстония аумағы арқылы Азиядан Еуропаға халықаралық көлік дәлізін дамыту, оның экономикалық пайдасы және бұл бағыттың жүктерді жеткізудегі уақыт тиімділігі мен тауар айналымы тұрғысынан басқа балама жолдармен салыстырғанда көп артықшылығы бар екені атап өтілді.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version