үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Франция: білім берудегі ынтымақтастық арқылы ғылыми инновацияларға жету жолында

Қазақстан мен Франция: білім берудегі ынтымақтастық арқылы ғылыми инновацияларға жету жолында

55
0

1768 Арман

Қазақстан мен Франция: білім берудегі ынтымақтастық арқылы ғылыми инновацияларға жету жолында

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға еуропалық және халықаралық стратегия жөніндегі вице-президент Карл Томбр бастаған Франция университеттерінің делегациясы жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Делегация құрамында Қазақстандағы Франция елшілігі және Гавр, Шампань-Арден, Лотарингия университеттерінің өкілдері бар. Құрметті меймандар ҚазҰУ мұражайымен танысып, халықаралық қатынастар факультеті мен Экономика және бизнес жоғары мектебінде болып, «Үздік халықаралық журналдарда қалай мақала жариялау керек?» деген тақырыпта семинар өткізді.

Қазақстан мен Франция: білім берудегі ынтымақтастық арқылы ғылыми инновацияларға жету жолында

Университет ректоры Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ Францияның 20 жоғары оқу орнымен тығыз байланыс орнатып, бірлескен білім беру жобаларын іске асырып отырғанын айтты.

Бүгінде ҚазҰУ Лотарингия және Реймс Шампань-Арден француз университеттерімен қосдипломдық бағдарлама, химия және химиялық технология факультетінде Лотарингия университетімен бірлескен «Мұнай-газ ісі» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Сондай-ақ университет базасында «Геоэнергетика» Қазақстан-Француз ғылыми-білім беру орталығы құрылған.

Қазақстан мен Франция: білім берудегі ынтымақтастық арқылы ғылыми инновацияларға жету жолында

«Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы аясында 2023 жылы Франция университеттеріне 48 студент, 23 докторант, 16 оқытушы барды. Олар түрлі конференцияларға, біліктілікті арттыру курстарына қатысып, бірлескен жобаларды жүзеге асырумен айналысты. «Қазақстанның жоғары оқу орындарына шетелдік мамандарды тарту» бағдарламасы бойынша француз ғалымдары дәріс оқып, PhD докторанттарға жетекшілік жасады.

Қазақстан мен Франция: білім берудегі ынтымақтастық арқылы ғылыми инновацияларға жету жолында

«Бүгінгі кездесу нәтижесінде біз жаңа жобаларды іске асыратынымызға сенімдімін. Біз Лотарингия университетімен және Францияның басқа да жоғары оқу орындарымен серіктестікті кеңейтетін боламыз» Жансейіт Түймебаев

Сөз соңында ректор қонақтарға ҚазҰУ инновацияларына арналған екі томдық басылымды тарту етті.

Өз кезегінде еуропалық және халықаралық стратегия жөніндегі вице-президент Карл Томбр университет басшылығына алғыс айтып, ынтымақтастық байланыстарды жаңа бағытта дамытуға дайын екендіктерін жеткізді.

Қазақстан мен Франция: білім берудегі ынтымақтастық арқылы ғылыми инновацияларға жету жолында

«Біз күш-жігерімізді біріктіру арқылы икемді жобаны жүзеге асырғымыз келеді. ҚазҰУ базасында бірлескен Қазақстан-Француз кампусын құру ойымызда бар» Карл Томбр

Қазақстан мен Франция: білім берудегі ынтымақтастық арқылы ғылыми инновацияларға жету жолында

Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта қолға алынатын бірлескен жобаларды іске асыру бағыттарын талқылады.

Источник: dknews.kz