үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Германияның жоғары оқу орындары Қазақстанда техникалық кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты...

Қазақстан мен Германияның жоғары оқу орындары Қазақстанда техникалық кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады

8
0

537 Арман

Қазақстан мен Германияның жоғары оқу орындары Қазақстанда техникалық кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады

Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінде неміс және отандық БАҚ үшін ұйымдастырылған баспасөз конференциясы барысында Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті мен Қазақстан-Неміс университеті (ҚНУ) басшылығы қазақстандық және неміс жоғары оқу орындары Ақтауда Есенов атындағы университеті жанында Неміс инжиниринг институтын құру туралы бірқатар меморандумдарға қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан мен Германияның жоғары оқу орындары Қазақстанда техникалық кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады

Өзінің алғы сөзінде Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов екі мемлекет арасындағы білім, ғылым және ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастығының дамуы туралы хабарлады. Осы орайда табысты мысал ретінде Елші «Болашақ» халықаралық стипендиясы бағдарламасын атады. Бағдарлама аясында қазақстандық студенттер мемлекет есебінен Германияның үздік университеттерінде білім алып, жыл сайын 500 ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында, соның ішінде Германияда тағылымдамадан өтетінін атап өтті. Қазақстандық дипломат 94 ынтымақтастық туралы келісім мен уағдаластықтар негізінде қазақстандық және неміс университеттері арасындағы өзара іс-қимылдың айтарлықтай әлеуетін атап өтті. Елшінің айтуынша, Ақтауда Неміс инжиниринг институтының ашылуы экономиканың түрлі салалары үшін болашақта білікті кадрларды даярлаудағы екі елдің өзара іс-қимылындағы тағы бір сәтті қадам болып табылады.

Есенов университетінің президенті Берік Ахметов, өз тарапынан, аталған институтты құру жобасының іске асыру барысы туралы хабардар етті. ҚНУ мен Есенов университетінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп және Неміс академиялық алмасу қызметінің (DAAD) қолдауымен құрылған Институт биыл ашылады деп жоспарлануда.

Жаңа техникалық институтта қазақстандықтар алдыңғы қатарлы неміс инженерлік тәжірибесі бойынша білім алып, әсіресе Маңғыстау облысындағы жасыл сутегі өнеркәсібінің білікті маманы болады.

2023-2024 оқу жылында екі білім беру бағдарламасы, атап айтқанда, энергетика және экологиялық инженерия, сондай-ақ логистика бойынша 30 студентті қабылдау жоспарлануда.

Қазақстан мен Германияның жоғары оқу орындары Қазақстанда техникалық кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады

Бағдарламалар 9 семестрден тұрады және Ақтау, ҚНУ және Германияның жетекші техникалық университеттерінде оқытуды қамтиды. Барлығы 8 бакалавриат бағдарламасын (энергетика және экология, көліктік логистика, технологиялық инженерия, информатика, электротехника, жүйелік инженерия, мехатроника, өнеркәсіпті басқару) және 6 магистратура бағдарламасын (тұрақты ұтқырлық және логистика, су ортасы және технологиялар, жаңартылатын энергия жүйелері, Жер жүйесі туралы ғылым, тұрақты инженерия, деректерді басқару және жасанды интеллект).

«2030 жылға қарай мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитындардың жалпы саны 1000 адамды құрайтын болады» Берік Ахметов

Жоба қазақстандық және неміс тарапынан бірлесіп қаржыландырылады, ал Ұйымның құрылымы қосымша жеке қаржыландыру мен демеушілік көмекке ашық болады.

Қазақстан-Неміс университетінің президенті, профессор Вольрад Роммель қатысушыларға ҚНУ-дің қазақстандық және неміс студенттері мен жас ғалымдары үшін білім беру бағдарламаларын бірлесіп жүзеге асыру үшін Германияның жетекші техникалық университеттерімен байланыс орнату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта жаңартылатын энергия көздерін өндіру саласында Қазақстан-Германия ынтымақтастығын орнату және бұл бағытта кәсіби кадрларды даярлау үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда.

Өз кезегінде «SVEVIND Energy Group» компаниясының техникалық директоры доктор Петер Бернхардт Қазақстанда әлемдегі ең ірі зауыттардың біріне айналуды көздеп отырған жасыл сутегі зауытын салу жобасының барысы туралы хабарлады.

Жаңа зауыт 2030 жылға қарай жасыл технологиялар арқылы өндірілген электр энергиясын Еуроодақ елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді деп болжануда.

«Біздің өндіріс білікті техникалық кадрларды, бірінші кезекте химиктерді, техниктерді және инженерлерді даярлаудың тұрақты жүйесін құруға мүдделі. Ал бұл ретте жергілікті кадрлардың ерекшелігі – олар осы аймақтың айырмашылықтарын, жергілікті климаттық және басқа да жағдайларды біледі» Петер Бернхардт

Оның айтуынша, компания Ақтаудағы және Құрықтың оңтүстігіндегі өзінің өндірістік нысандары үшін білікті кадрларды даярлау саласында ықтимал ынтымақтастық үшін қазақстандық және халықаралық университеттермен, ғалымдармен және сарапшылармен қарым-қатынас орнату жоспарларын кеңейтуді көздеп отыр.

Баяндамалардын кейін БАҚ өкілдеріне сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді, оның барысында белсенді және қызықты пікірталас болды.

Источник: dknews.kz