үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Италия консулдық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Қазақстан мен Италия консулдық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

20
0

289 rob

Қазақстан мен Италия консулдық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев Италия Республикасы Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігінің Шетелдегі итальяндықтар және көші-қон саясаты жөніндегі бас директоры Луиджи Виньялимен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Келіссөздер барысында консулдық саладағы екіжақты қатынастардың бірқатар мәселелері талқыланды. Соның ішінде Италияның визалық саясаты, екі ел арасындағы нормативті-құқықтық базасын ұлғайту мәселелері көтерілді.

Қазақстан мен Италия консулдық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Нәтиже ретінде мемлекеттер арасында консулдық саладағы достық қатынастарды нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Источник: dknews.kz