үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Катар банк секторындағы өзара іс-қимылды жандандыруда

Қазақстан мен Катар банк секторындағы өзара іс-қимылды жандандыруда

21
0

1584 Awrora

Қазақстан мен Катар банк секторындағы өзара іс-қимылды жандандыруда

Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Қатар қаржылық қадағалау бағытында ынтымақтастықты арттырмақ, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев Қатар Орталық банкінің басқарушысы шейх Бандар бен Мұхаммед Әл Тәнимен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар екі елдің қаржылық институттары арасындағы әріптестіктің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екінші деңгейлі банктердің қызметін қадағалау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдарын қарастырды.

Елші Арман Исағалиев елімізде қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы нарығын дамыту саласында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан кең ауқымды жұмыс, сондай-ақ банк секторын реттеудің халықаралық стандарттарын енгізуге бағытталған реформаларды іске асыру жайы туралы толық ақпарат берді.

Өз кезегінде, шейх Бандар Әл Тәни Қазақстанмен орнатылған стратегиялық серіктестік аясында өзара ықпалдастықты өрістетуге әзір екенін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мүдделі мекемелер өкілдерінің өзара сапарларын ұйымдастыруға және тиісті шарттық-құқықтық базаны кеңейту жұмыстарын жалғастыруға уағдаласты.

Источник: dknews.kz