үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Корея Республикасы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі

Қазақстан мен Корея Республикасы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі

10
0

1107 rob

Қазақстан мен Корея Республикасы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігі жанындағы «Самал жел» жобасы жетекшісінің кеңесшісі Чжу Хен Пэкпен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесуде екі ел арасындағы ұзақмерзімді тиімді ынтымақтастықты дамытып, одан әрі нығайтудың жолдары талқыланды. ҚР ИИДМ басшысының орынбасары жолға қойылған екіжақты әріптестіктің тереңдей түсетініне сенім білдіріп, кореялық инвесторларды Қазақстанға келіп, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға шақырды.

Қазақстан мен Корея Республикасы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі

Динара Щеглова Fresh wind («Самал жел») жобасы туралы айта отырып, оның аясында Қазақстан мен Корея арасындағы уағдаластық сәтті іске асырылғанын жеткізді.

Қазақстан мен Корея Республикасы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі

«Корея мемлекеті Қазақстанның ірі экономикалық серіктестерінің бірі саналады. Жоғарыда айтылған бағдарламаға сәйкес екі елдің арасындағы уағдаластықтың сәтті орындалғанын айта кеткен орынды. Оның айқын мысалы ретінде Алматыдағы HYUNDAI брендінің жеңіл автокөліктерін шығаруға арналған Hyundai Trans Kazakhstan зауытының құрылысын, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА мен Пусан портының әкімшілігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумның іске асырылуын атауға болады. Бұған қоса Kazakh Invest ұлттық компаниясы Солтүстік Қазақстан облысында модульдік жылыжайлар салу жобасын жүзеге асырып жатыр. Сонымен қатар қазір біздің мамандар Fresh wind бағдарламасының орындалуын өзектендіру бойынша жұмысты жалғастырып келеді» Динара Щеглова

Бұл ретте «Самал жел» бағдарламасы жетекшісінің кеңесшісі өз елінің экономикалық әлеуетін таныстыра келе өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, геология, сондай-ақ автожол саласында өзара тиімді ұсыныстарды жеткізді. Бұдан бөлек аталған жобаны жүзеге асыруға байланысты басқа да мәселелер қарастырылды.

Қазақстан мен Корея Республикасы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар іскерлік әңгімеге ризашылықтарын білдіріп, мемлекетаралық байланыстарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Источник: dknews.kz