үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Латвия фармацевтикадағы ынтымақтастықты тереңдетуде

Қазақстан мен Латвия фармацевтикадағы ынтымақтастықты тереңдетуде

0

237 Арман

Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінде «Kalcex» АҚ-ның басқарма төрағасы Каспарс Купревичспен кездесу өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Kalcex» АҚ – Балтық елдеріндегі ең көне фармацевтикалық компаниялардың бірі. Бұл компания 1920 жылы құрылған. 2004 жылы әйгілі «Grindeks» халықаралық фармацевтикалық холдингінің құрамына кірді.

Сұхбат барысында Қазақстан мен Латвия арасындағы медицина және фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және нығайту жөнінде жан-жақты пікір алмасу өтті.

Латвиялық сұхбаттасушы осы салада елімізбен өзара тиімді ынтымақтастықты арттыру жөніндегі идеяларымен және жоспарларымен бөлісті.  Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов мұндай өзара іс-қимылдың, әсіресе дайын дәрілік нысандарды, сондай-ақ қарқынды терапия мен отадан кейінгі күтімге арналған дәрі-дәрмектерді қоса алғанда, аурухана сегментіне арналған мамандандырылған өнімдерді шығару бойынша бірлескен жоғары технологиялық өндірістерді құрудағы маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. 

Фармацевтика – Латвиямен ынтымақтастықтың дәстүрлі саласы. Елдер арасындағы екіжақты саудада фармацевтикалық өнімдер маңызды орын алады. 2022 жылы Қазақстан Латвиядан жалпы сомасы 11 млн. АҚШ долларды құрайтын фармацевтикалық дәрі-дәрмектерді импорттады.  Қазақстан нарығында латвиялық кәсіпорындар, оның ішінде «Kalcex» АҚ өндірген дәрілік заттардың кең желісі ұсынылған.

Кездесу соңында қазақстандық дипломат латвиялық әріптесті ағымдағы жылдың маусым айының басында Қазақстан елордасында өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version