үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Моңғолия барлық салаларда өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын

Қазақстан мен Моңғолия барлық салаларда өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын

0

77 Арман

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев Моңғолияның Қаржы министрі, Қазақстан-Моңғолия Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның моңғол бөлігінің тең төрағасы Болдын Жавхланмен кездесіп, екіжақты Үкіметаралық комиссияның кезекті мәжілісін әзірлеу және өткізу, екі елдің арасында жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мен ірі ісшараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ғ.Қойшыбаев екіжақты Үкіметаралық комиссияның моңғол бөлігінің тең төрағасын Қазақстандағы кезектен тыс парламенттік сайлаудан кейін ү.ж. сәуірдің басында қалыптасқан ҚР Үкіметінің жаңа құрамы жөнінде қысқаша ақпарат берді.

Сонымен бірге, тараптар сауда-экономикалық қатынастар мен инвестициялық ынтымақтастықты ілгерілету, тау-кен, әуе қатынасын орнату, мәдени ісшаралар, спорттың қысқы түрлері бойынша ынтымақтастықты және басқа да салалардағы өзара әрекеттестікті тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасты.

Тараптар сондай-ақ екіжақты Үкіметаралық комиссияның кезекті мәжілісін жақын уақытта өткізуге, екі елдің арасындағы барлық салалардағы өзара пайдалы ынтымақтастықты жан-жақты ілгерілетуге белсенді атсалысуға келісті.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version