үй Әлем жаңалықтары Қазақстан мен Моңғолия сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаласуда

Қазақстан мен Моңғолия сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаласуда

10
0

1108 Арман

Қазақстан мен Моңғолия сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаласуда

Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев Моңғолияның Қаржы министрі, Қазақстан-Моңғолия Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының моңғол бөлігінің тең төрағасы Болдын Жавхланмен кездесіп, үкіметаралық комиссияның кезекті мәжілісін әзірлеу және өткізу, екі елдің арасында жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мен ірі іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан мен Моңғолия сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаласуда

Қазақстан мен Моңғолия сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаласуда

Қазақстандық дипломат моңғол тарапын еліміздегі кезектен тыс парламенттік сайлаудан кейін ү.ж. сәуірдің басында қалыптасқан ҚР Үкіметінің жаңа құрамы жөнінде қысқаша ақпарат берді.

Қазақстан мен Моңғолия сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаласуда

Сонымен бірге, тараптар сауда-экономикалық қатынастар мен инвестициялық ынтымақтастықты ілгерілету, тау-кен, әуе қатынасын орнату, мәдени іс-шаралар, спорттың қысқы түрлері бойынша ынтымақтастықты және басқа да салалардағы өзара әрекеттестікті тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасты.

Қазақстан мен Моңғолия сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаласуда

Қазақстан мен Моңғолия сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту туралы уағдаласуда

Тараптар сондай-ақ үкіметаралық комиссияның кезекті мәжілісін жақын уақытта өткізуге, екі елдің арасындағы барлық салалардағы өзара пайдалы ынтымақтастықты жан-жақты ілгерілетуге белсенді атсалысуға келісті.

Источник: dknews.kz